polygraphiccollege.kz

polygraphiccollege.kz

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from polygraphiccollege.kz, Education Website, Шевченко 202, Almaty.

🎓 Колледж принтмедиа технологий — это место, где творчество встречается с технологиями!

Мы готовим будущих специалистов в сфере графического дизайна, полиграфии, информационных технологий и мультимедиа. Наши студенты не просто учатся — они создают, проектируют, печатают и программируют уже с первого курса! 💻🎨🖨️

✅ Современные лаборатории и мастерские
✅ Компетентные преподаватели с опытом работы в

28/05/2026

*Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшейтілді: рейд барысында жастар жаппай құқықбұзушылықты анықтады*

Алматыда «Заң және тәртіп» акциясы аясында жастар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Кезекті рейдтік іс-шаралар Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жастар ұйымдары, комьюнити орталықтары, қоғамдық кеңес өкілдері және қала Полиция департаментінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Түнгі тексерулер барысында ондаған ойын-сауық орны — түнгі және компьютерлік клубтар, барлар, кафе мен мейрамханалар қамтылды.

Әсіресе, есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таралу деректерін анықтауға, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруіне және өзге де құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

Рейд қорытындысы бойынша 28 компьютерлік және түнгі клубта, сондай-ақ аула аумақтарында 57 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Олардың қатарында кәмелетке толмағандарды түнгі орындарға кіргізу, жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге тарту белгілері және мекеме иелері тарапынан болған заңбұзушылықтар бар.

Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, хаттамалар толтырылып, айы�

26/05/2026

25.05.26 ж. Ағылшын тілі пәні оқытушысы Абдуллаева Б.С. 12-25 тобында “Shop clothes for women and men” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты — білім алушылар тақырып бойынша өтілген тапсырмаларды дұрыс меңгеру, сөздердің аудармасын түсіну түсіну, сөйлем құрастыра білу және күнделікті өмірде пайдалану. Білім алушылардың ой өрісін, шығармашылық қабілеттерін, оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын нығайту.
Сабақ барысында түрлі әдіс тәсілдер қолданылып, білім алушылар сабаққа белсенді қатысып, сабақ қызықты өтті.

26/05/2026

🎓 16–23 тобының студенттері дипломалды тәжірибелерін сәтті қорғады!

Студенттер өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, тәжірибе барысында жинақтаған білімдері мен дағдыларын жоғары деңгейде таныстырды. 👏📚
Барлық студенттерге алдағы оқу және еңбек жолында сәттілік тілейміз! ✨

#дипломалдатәжірибе #3курс #студенттер #түптеумашиналары #колледж жетістік

25/05/2026
25/05/2026

Бүгін колледж қызметкерлерімен Алматы қаласы маслихат депутаты Жұмабаев Бақытбек Әшімұлының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Конституцияны ілгерілету, азаматтық құндылықтарды нығайту және Алматы қаласының даму мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарға жауап алды.

Кездесу соңында Алматы қаласы мәслихат депутаты Бакытбек Ашимович колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердің демо емтихан барысын бақылады. Колледждің білім беру үдерісі мен заманауи мүмкіндіктеріне оң бағасын берді.

almaty .edu.kz

25/05/2026

2026 жылғы 25 мамырда Принтмедиа технологиялар колледжінің базасында “Заң және тәртіп” жобасы аясында директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен ардагер-тәлімгерлердің 10 колледжде құқықтық сабақ өткізу мәселесі бойынша отырысы өтті. Отырыс барысында құқықтық сабақ өткізу, қиын жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру мекемелерінің құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.
Кездесуге қатысушылар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жастардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын талқылады. Тәуекел тобындағы жасөспірімдерді жеке сүйемелдеу және педагогтер, тәлімгерлер мен білім алушылардың отбасылары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша колледждерде құқықтық сабақтар өткізу бойынша ұсынымдар әзірленді, алдағы тәрбие және профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

edu.kz .almaty

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address

Шевченко 202
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 14:00