10/06/2026
«Атамекен» этнолагері мен «OZUQ ULT» лагерінің білімалушылары Астана қаласындағы Ұлттық музейге танымдық экскурсия жасап қайтты. Саяхат барысында оқушылар еліміздің тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері және мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдері туралы құнды мәліметтермен танысты. Ұлттық музей қорында сақталған тарихи жәдігерлер мен құжаттар жастардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Экскурсия барысында білімалушылар ел тарихына қатысты тың деректер алып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын тереңірек түсінді. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтып, тарихи санасының қалыптасуына зор үлес қосады.
✨ Танымға толы күннен алған әсеріміз мол! Ел тарихын білу – болашаққа нық қадам басудың кепілі.
#АтамекенЭтнолагері #ҰлттықМузей #ТарихқаТағзым #ЖасҰрпақ ПатриоттықТәрбие Астана ЖазғыЛагерь2026