ustirt.jbbm

ustirt.jbbm

Partager

Informations de contact, plan et itinéraire, formulaire de contact, heures d'ouverture, services, évaluations, photos, vidéos et annonces de ustirt.jbbm, Formation, Ж. Аймауытов 39А, Democratic Republic of the.

Photos from ustirt.jbbm's post 19/06/2026

🎓✨ «Үстірт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 18 маусым күні 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті. ✨🎓
Бұл күн – мектеп қабырғасында білім алып, үлкен өмірге қадам басқан 56 түлек үшін ерекше де әсерлі сәт болды. 🌟
Салтанатты шара барысында мектеп директоры С.Наурызбай бітіруші түлектерге жүрекжарды құттықтау сөз сөйлеп, ақ жол тіледі. Сонымен қатар мектеп бітірушілерге аттестаттарын салтанатты түрде табыстады. 💐📜
Биылғы оқу жылының мақтаныштары – Алтын белгі иегерлері Саду Айғаным және Наврузова Мадина, сондай-ақ үздік аттестат иегері Отеш Аида,Елеу Аружан,Елеу Ұлжан,Сарсенбаева Аружан өздерінің табандылығы мен білімге деген құштарлығының нәтижесінде жоғары жетістікке жетті. 🏅🌹
Шара барысында ата-аналар да сөз сөйлеп, балаларына ақ батасын беріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. 🤲❤️
Ал түлектер өз кезегінде білім мен тәрбие берген ұстаздарына, аяулы ата-аналарына және алтын ұя мектебіне шынайы алғыстарын білдірді. 🌷📚
Бүгінгі күн – балалық шақпен қоштасып, болашаққа нық қадам басқан жас түлектердің өміріндегі ұмытылмас белесі. 🕊️✨
🌟 Барша аттестат алған түлектерді шын жүректен құттықтаймыз!
Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, таңдаған мамандықтарыңыздың білікті иесі атаныңыздар! 🎓💙

Ақ жол, жас түлек! Сәт сапар! 🚀🌿

Photos from ustirt.jbbm's post 17/06/2026

Маңғыстауда педагогтерге төлем жүргізу барысы түсіндірілді

Маңғыстау облысында педагогтердің жалақысы, еңбек демалысы ақысы және сауықтыру жәрдемақысын төлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл өңір бойынша 23 мыңнан астам педагогке тиісті төлемдер қарастырылған. Қаражат толық көлемде алдағы апта ішінде аударылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, маусым айының басында мамыр айының соңы мен маусым айының басында еңбек демалысына шыққан педагогтердің еңбек демалысы ақысы мен сауықтыру жәрдемақысының бір бөлігі төленген. Қазіргі уақытта қалған қаражатты аударуға қажетті төлем тапсырмалары әзірленіп, қазынашылық органдарына жолданған.

- Педагог қызметкерлерге жалақыны, еңбек демалысы ақысын және сауықтыру жәрдемақысын уақытылы төлеу - біз үшін басым міндеттердің бірі. Барлық қажетті рәсімдер белгіленген тәртіппен жүргізілуде. Бұл мәселе тұрақты бақылауда. Төлемдер облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген бірінші кезектегі шығыстар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылуда. Аталған тізімге еңбек демалысы ақысы мен сауықтыру жәрдемақыларынан бөлек, мемлекеттік білім беру тапсырысы, шәкіртақылар, әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік маңызы бар өзге де шығыстар енгізілген, - деді Амантай Кумбаев.

Брифинг барысында Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Альбекова өңірдегі бюджеттік қаржыландырудың қазіргі жағдайына тоқталды.

Басқарма басшысының мәліметінше, облыстық бюджеттен жалпы саны 497 ұйым қаржыландырылады. Оның ішінде білім саласына қарасты 365 мекеме бар. Бұлар - мектептер, балабақшалар мен колледждер.

17/06/2026

⚜️Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған инвестициялық ұсыныстар мен азаматтардың жеке деректерін заңсыз иемденуге байланысты.

📌Қоғамдық коммуникация орталығы

17/06/2026

⚜️«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласында бой көтерген №32 жалпы білім беретін мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталып, 1200 оқушыға арналған. 2025-2026 оқу жылында 2710 оқушы тәмамдады. Бүгінде мектепте 201 педагог қызмет атқарып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосуда. Заманауи инфрақұрылым мен білікті ұстаздар қауымы білім алушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай қалыптастырып отыр.

📌Қоғамдық коммуникация орталығы

10/06/2026

#балдәуренлагері2026

Vous voulez que votre école soit école la plus cotée à Democratic Republic of the ?

Cliquez ici pour réclamer votre Listage Commercial.

Type

Site Web

Adresse


Ж. Аймауытов 39А
Democratic Republic Of The