kausar_yaslisad11

kausar_yaslisad11

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from kausar_yaslisad11, Day Care, Aktau.

15/06/2026

Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

Биыл өңірде 318 түлек «Алтын белгіге», 668 түлек үздік аттестатқа, ал 9-сыныптан 834 оқушы үздік аттестатқа үміткер болып отыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақбөпе Искалиева мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, биыл облыстағы білім беру жүйесінде 737 ұйым жұмыс істеп, 267 464 бала қамтылған. Жалпы орта білім беретін 216 мектепте 193 мыңнан астам оқушы білім алды. Оның ішінде 16 179 оқушы 9-сыныпты, ал 10 065 түлек 11-сыныпты аяқтап отыр.

-11-сыныптар үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау 2-15 маусым аралығында, ал 9-сынып оқушылары үшін 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтуде. Мектеп бітіруші түлектерге аттестаттар 9-сынып оқушыларына 16 маусымда, 11-сынып түлектеріне 18 маусым күні табысталады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 10 065 мектеп бітірушінің 9 500-ден астамы өтініш берген. Бүгінгі күнге дейін алғашқы мүмкіндігін пайдаланған талапкерлер саны 3 891-ге жетті, - деді Ақбөпе Искалиева.

Сондай-ақ, оқу жылы барысында өңірдің оқушылары мен мұғалімдері республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен білім сайыстарына белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Мектепке дейінгі білім беру бағытында да оң динамика байқалады. Қазіргі уақытта өңірдегі 460 мектепке дейінгі ұйымда 50 660 бала тәрбиеленуде. Облыста 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 100% құраса, 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейі 94,5%-ға жеткен. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 97,5%-ға жеткізу жоспарланған.

Осы мақсатта жыл басынан бері 1408 орындық 16 жаңа балабақша іске қосылып, алты балабақшада 161 орынға кеңейту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде өңірде барлығы 1569 жаңа орын ашылды. Жыл соңына дейін тағы 1,3 мың жаңа орын ашу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, балабақшаға кезекке қою және жолдама беру қызметтері толық автоматтандырылып, Indigo-24.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.

Білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да қарқынды жалғасуда. 2025 жылы өңірде жалпы сыйымдылығы 12 600 орындық 13 «Келешек» мектебі пайдалануға берілді.
⬇️⬇️⬇️

04/06/2026

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы»
№1 "Балдырған" ортаңғы тобы
2026 жылғы 4 маусым күні балабақшада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранымен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында көрнекіліктер қолданылып, балалардың қызығушылығы арттырылды. Тәрбиеленушілер шығармашылық жұмыстар орындап, өз білімдерін көрсетті.
Қорытындылай келе, өткізілген іс-шара балалардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейтіп, елін, жерін құрметтеуге және Отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етті.

04/06/2026

Тема: "Символы независимой страны"
Старшая группа №6 " Шұғыла "
04 июня 2026 года в группе было проведено занятие, посвящённое Дню государственных символов Республики Казахстан на тему «Государственные символы – гордость страны».
В ходе занятия дети познакомились с Государственным Флагом, Гербом и Гимном Республики Казахстан, узнали об их значении и важности. Были проведены беседа, познавательные игры и творческие задания.
Мероприятие способствовало воспитанию у детей чувства патриотизма, любви к Родине и уважительного отношения к государственным символам.

04/06/2026

Тема : " Государственные символы- национальная гордость"
№7 группа "Жасулан "

01/06/2026

Менің арманым челленджі №1 Балдырған ортаңғы тобының тәрбиеленушілері.

01/06/2026

Менің арманым челленджі №1 Балдырған ортаңғы тобы

01/06/2026

Сәлеметсіз бе! 🌸
Сіздерді қайтадан Smart Bala оқу орталығы оқу орталығына шақырамыз!

Жаз мезгілін пайдалы өткізіп, балаңыздың оқу үлгерімін жақсартуға тамаша мүмкіндік бар 📚✨

👧🏻🧒🏻 2 жас пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған:
✔ Мектеп алды даярлық
✔ Логопед сабақтары
✔ Дефектолог сабақтары
✔ Логомассаж
✔ АФК
✔ Сенсорлық интеграция
✔ Ағылшын тілі
✔ Орыс тілі
✔ Домбыра сабақтары
✔ Мұғалімнің жеке сабақтары

Жазда бала тек демалып қана қоймай,
📖 оқуын нығайтып,
🗣 сөйлеуін дамытып,
🧠 логикалық ойлауын арттырып,
💪 өзіне деген сенімділігін қалыптастырады!

❤️ Бұрын бізге сенім артқан ата-аналарды қайта көруге қуаныштымыз!
Орын саны шектеулі. Алдын ала жазылып үлгеріңіздер.

📍8 мкр, 17 дом
📞 +7 707 882 27 42
📲 Instagram:

30/05/2026

Старшая группа №6 "Шұғыла "
"Гаджеты, польза или вред"
Цель:
Формировать у детей представление о пользе и вреде гаджетов, учить безопасному и разумному использованию техники.

Want your school to be the top-listed School/college in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Aktau