Educon.kz

Educon.kz

Share

Образовательный центр

EDUCON ОНЛАЙН ТЕГІН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫНА ТІРКЕУ 18/04/2024

«EDUCON» компаниясы су тасқынынан зардап шеккен барлық 11-сынып оқушыларына тегін ҰБТ-ға дайындық курсын ұйымдастырады.

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайдың тез арада аман-есен бітуіне тілектеспіз.

https://forms.gle/9eLhtL5AcqQyMcbc8 @актуальное

EDUCON ОНЛАЙН ТЕГІН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫНА ТІРКЕУ Қазақстан Республикасы су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы 11-сынып оқушыларына "EDUCON" компаниясы 18.04.2024 - 05.06.2024 аралығында тегін ҰБТ-ға дайындық курсын ұйымдас...

13/09/2023

EDUCON | Білім саласында 17 ЖЫЛ!

➖ Educon компаниясы оқушыларға және оқыту мекемелеріне сапалы білім беру және бағалау қызметтерін ұсынады.

Дәл қазір 4 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі:
🔸 Қашықтықтан білім беру (Онлайн дайындық курстары);
🔸 Оқу құралдары (Educon авторлық кітаптары);
🔸 Тест жиынтықтары (Қазақстан бойынша ең үздік авторлар құрастырған тесттер);
🔸 Профориентация (Мамандық тандау бойынша консультация).

EDUCON-мен бірге болыңыздар! Жуырда керемет жаңалықтар ұсынамыз!

26/10/2022

EDUCON компаниясының білім бөлімі (1-бөлім)

Бөлім серіктес білім беру орталықтарының 4 — 11 сынып оқушыларына арналған әртүрлі курстардың оқыту мен оқу сапасын арттыру мақсатында құрылды. Білім бөлімі 2 инструментті біріктіреді. Олар пән әдіскерлер мен аймақтық әдіскерлер.

🔹 Пән әдіскерлерінің міндеті:

* Өз қарамағындағы мұғалімдерге әдістемелік нұсқау көрсетіп, кейбір тақырыптарға түсіндірме жасап, мұғалімдермен бірлесе қосымша материал дайындау.

* Жыл сайын екі рет мұғалімдердің деңгейін бақылау мақсатында мұғалімдер емтиханын дайындау және емтихан нәтижесі бойынша төмен ұпай көрсеткен мұғалімдерді ерекше назарға алып, олармен жетілдіру жұмыстар жасау.

* Республикалық және аймақтық деңгейде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында семинарлар ұйымдастыру.

🔹 Аймақтық әдіскерлер міндеті:

* Пән әдіскерлерінің мұғалімдерге берген тапсырмаларының орындалуын қадағалау

* Мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сапалы сабаққа қол жеткізу жолдарын ұсыну

* Оқу-ісі меңгерушілерімен тікелей байланыста болып, оқу процесінің жоспарға сай жүруі мен нәтижеге жетуін қадағалау

Білім бөлімі НЗМ, БИЛ, ҰБТ емтихандарының дайындық бағыты бойынша ай сайын алынатын тесттер бойынша мониторинг жасап, серіктес білім беру орталықтарымен бірге қажетті шараларды жүзеге асырады.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Микрорайон 4, дом 11
Almaty
050062