22/06/2026
NURORDA ALMATY оқушылары Лондонда өткен Owlypia Global Round London 2026 халықаралық олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Биылғы олимпиаданың негізгі тақырыбы — Self-Awareness (өзін-өзі тану). Қатысушылар өзін-өзі дамыту, жеке тұлғалық өсу және заманауи қоғамдағы адамның рөлі тақырыптарын әртүрлі академиялық бағыттар аясында зерттеді.
Оқушыларымыз Economy & Business және Science & Technology бағыттары бойынша білімдерін сәтті дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды:
✦ Қасым Шуртабаев — алтын медаль
✦ Мадина Жанарыс — күміс медаль
✦ Дария Мұсылманбек — күміс медаль
✦ Амира Енсебаева — қола медаль
✦ Әлихан Рахымғазин — қола медаль
✦ Асылан Әбілбекұлы — қола медаль
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың табандылығы, білімге деген құштарлығы және халықаралық деңгейдегі жетістіктері — мектебіміз үшін зор мақтаныш.
22/06/2026
NURORDA ALMATY оқушылары Лондонда өткен Owlypia Global Round London 2026 халықаралық олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Биылғы олимпиаданың негізгі тақырыбы “Self-Awareness” (өзін-өзі тану). Қатысушылар өзін-өзі дамыту, жеке тұлғалық өсу және заманауи қоғамдағы адамның рөлі тақырыптарын әртүрлі академиялық бағыттар аясында зерттеді.
Оқушыларымыз Economy & Business және Science & Technology бағыттары бойынша білімдерін сәтті дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды:
✦ Қасым Шуртабаев — алтын медаль
✦ Мадина Жанарыс — күміс медаль
✦ Дария Мұсылманбек — күміс медаль
✦ Амира Енсебаева — қола медаль
✦ Әлихан Рахымғазин — қола медаль
✦ Асылан Әбілбекұлы — қола медаль
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың табандылығы, білімге деген құштарлығы және халықаралық деңгейдегі жетістіктері — мектебіміз үшін зор мақтаныш.
20/06/2026
30-шы Балқан жасөспірімдер математикалық олимпиадасы (JBMO 2026) 2026 жылғы 15–20 маусым аралығында Румынияның Бузэу қаласында өтті. Дәстүрлі халықаралық білім додасына Еуропа мен Азияның 22 елінен ең үздік жас математиктер қатысып, өзара бақ сынасты.
Біз зор мақтанышпен мектебіміздің оқушысы Омар Айсұлтанның осы беделді олимпиадада алтын медаль жеңіп алып, абсолютті чемпион атанғанын қуана хабарлаймыз. Бұл – оның терең білімі, қажырлы еңбегі мен жоғары зияткерлік әлеуетінің жарқын көрінісі.
Омар Айсұлтанды, оның ата-анасын және жетекшісін осы тарихи жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық білім белестерінде де толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
13/06/2026
«Білім-Инновация» ХҚҚ қарасты мектептер арасында өткен оқу жылының қорытындысы бойынша NURORDA ALMATY мектеп-лицейі 5 номинацияның иегері атанды.
Бұл жетістік – ұстаздардың кәсібилігінің, оқушылардың еңбегі мен ата-аналардың қолдауының жарқын нәтижесі.
11/06/2026
KBO Junior 2026
1–8 маусым аралығында Бурабай мен Көкшетау қалаларында өткен KBO Junior олимпиадасының қорытынды кезеңінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды оқушылар білім додасында бақ сынады.
NURORDA ALMATY мектебінің оқушылары олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, математика және биология пәндері бойынша жүлделі орындарға ие болды. Ең басты жетістік – математика пәні бойынша мектебіміз командалық есепте І орынды иеленді!
Жеңімпаздарымызды, олардың ата-аналарын және педагогтерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен биік белестер әлі алда!