22/03/2026
💐Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
😍Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам - береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мейрам!
🥳Ел игілігі үшін жасалған барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, құт-береке , бақыт пен молшылық тілейміз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
——————
💐Поздравляем Вас с прекрасным праздником Наурыз - временем пробуждения природы, тепла и благоденствия!
😍Желаем Вам и вашей семье благополучия, процветания и радостного весеннего настроения!
🥳Пусть праздник весны одарит вас новыми возможностями, идеями, мечтами, крепким здоровьем, счастьем!
08/03/2026
Құрметті ханымдар және аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз – көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, мол береке, зор денсаулық, бақ-береке мен шаттық тілейміз. Әр күндеріңіз қуанышқа толы болып, алға қойған мақсаттарыңыз әрдайым жүзеге аса берсін!
Көктемнің шуақты күніндей жайнап, әрдайым нәзіктік пен сұлулықтың символы болып, қуаныш пен шабыт сыйлап жүре беріңіздер!
———
Уважаемые женщины и дорогие девушки!
От всей души поздравляем вас с 8 Марта - светлым праздником весны! Желаем вашим семьям благополучия, крепкого здоровья, счастья и достатка. Пусть каждый день будет наполнен радостью, а все ваши цели и мечты обязательно сбываются.
Пусть вы всегда расцветаете, как весенний день, оставаясь символом нежности и красоты, даря окружающим тепло, вдохновение и хорошее настроение!
03/03/2026
«Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы бойынша «DOSTYQ» білім беру мекемелерінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
Астана қаласында өткен республикалық кезеңде Қарағанды қаласындағы «DOSTYQ SCHOOL» мектебінің «Үш бәйтерек» командасы командалық есепте «Мықтылар» номинациясының иегері атанып, қола медальді жеңіп алды. Команда құрамында Нұрсұлтан Айсара, Анибекқызы Гүлнұр және Қуанышбекова Сабина өнер көрсетті. Жетекшісі - Төлеуова Шұғыла Медетқызы.
Атырау қаласындағы «DOSTYQ SCHOOL» мектебінің «Шың» командасы командалық есепте «Белсенділер» номинациясын иеленді. Команда құрамында Нұратдинов Нұрбек, Ғалымжанқызы Алтын және Нұржан Айкөркем болды. Жетекшісі - Дөңесбаева Айгерім.
Сонымен қатар, Атырау «DOSTYQ SCHOOL» оқушысы Нұржан Айкөркем «Тілдік талдау» бағыты бойынша жекелей есепте ҮЗДІК атанып, жоғары нәтижесімен ерекшеленді.
Жеңімпаздарды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
01/03/2026
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Бізге сенім артып, бізбен болғандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Сіздермен бірге әлі талай биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жететінімізге сенімдіміз!
Көктемнің алғашқы күнімен жадырап келген шуақты мерекеде баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз!
———
Уважаемые родители и ученики!
Мы безмерно благодарны вам за оказанное доверие и выбор нашего учебного заведения.
В этот значимый праздник и в первый день весны мы хотим выразить нашу искреннюю благодарность каждому из вас.
27/02/2026
DODA SENIOR | РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ
Республикалық «DODA» білім олимпиадасының республикалық кезеңі өтетін жерлер тізімі.
Барлық толық ақпараттарды жергілікті өңірлік ұйымдастыру комиттеттерінен білесіздер!
⸻
DODA SENIOR | РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ЭТАП
Список мест проведения республиканского этапа республиканской олимпиады «DODA SENIOR».
Всю подробную информацию вы можете получить в местных региональных организационных комитетах.
27/02/2026
DODA SENIOR | ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢ
Республикалық «DODA» білім олимпиадасының қалалық кезеңі 14 ақпан күні өтті. Қалалық кезеңге 2360 оқушы іріктеліп, оның 255-і республикалық кезеңге жолдама алды.
Республикалық кезеңге өткен оқушыларды құттықтаймыз!
⸻
DODA SENIOR | ГОРОДСКОЙ ЭТАП
Городской этап республиканской образовательной олимпиады «DODA» состоялся 14 февраля. В городском этапе приняли участие 2360 учеников, из них 255 получили путёвку на республиканский этап.
Поздравляем участников, прошедших на республиканский этап!
14/02/2026
Республикалық «DODA» білім олимпиадасының қалалық кезеңі басталды!
Қалалық кезеңге 2360 қатысушы жолдама алды. Сұрақтар биология–химия, биология–география, математика–физика, математика–информатика және математика–география комбинациялық пәндері бойынша ұсынылады.
Кезең қорытындысы 16 ақпан күні ресми Telegram арнасында () және қатысушылардың жеке кабинеттерінде жарияланады.
———
Городской этап республиканской образовательной олимпиады «DODA» начался!
На городской этап прошли 2360 участников. Задания представлены по следующим предметным комбинациям: биология–химия, биология–география, математика–физика, математика–информатика, математика–география.
Итоги этапа будут опубликованы 16 февраля в официальном Telegram-канале () и в личных кабинетах участников.
14/02/2026
Мектепішілік кезең қорытындысы
DODA SENIOR республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңіне жалпы 8781 оқушы қатысып, оның 2360-ы қалалық кезеңге жолдама алды.
Олимпиада Қазақстанның 16 қаласында ұйымдастырылып, 670 дара (уникалды) мектеп қамтылды.
Республикалық «DODA» білім олимпиадасының мектепішілік кезеңіне қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.
——————
Итоги школьного этапа
В школьном этапе республиканской олимпиады DODA SENIOR приняли участие 8781 ученик, из них 2360 получили путёвку на городской этап.
Олимпиада была организована в 16 городах Казахстана и охватила 670 уникальных школ.
Благодарим всех участников, принявших участие в школьном этапе республиканской образовательной олимпиады «DODA».
14/02/2026
Республикалық «DODA» білім олимпиадасы
DODA SENIOR бағыты бойынша жеке мәліметтерде, диплом мен сертификатқа қатысты ақпаратта, жетекші туралы деректерде қате анықталған жағдайда, сондай-ақ өзге де сұрақтар бойынша техникалық қолдау бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірі: +7 700 812 0030.
——————
Республиканская образовательная олимпиада «DODA»
По направлению DODA SENIOR в случае обнаружения ошибок в личных данных, информации о дипломе и сертификате, сведениях о руководителе, а также по другим вопросам просим обращаться в службу технической поддержки. Контактный номер: +7 700 812 0030.