03/10/2018
ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ
Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі 64 үздік ұстазға 1000 АЕК (2,405 млн теңге) сыйақы тағайындаса, Алматы облысы әкімдігі озат педагогқа автокөлік кілтін табыстады.
Міне, керемет жаңалық! Ұстаздарымыздың мәртебесін осылай көтеруіміз керек. Алматы облысынан өзге облыстар да үлгі алып, ұстаздарға зор ілтипат көрсетуі керек.
Өте жақсы бастама. Бұл әлі де аз. Әрқашан Ұстаздарымыздың еңбегі еленуі керек. Спортшыларға берілетін есепсіз сыйақы көлемін азайтып, білім саласындағы еңбекқор қызметкерлерге берілгені дұрыс. Білімді ұстаз білімді жастарды тәрбиелейді. Ұстазының мәртебесін көтергенде ғана Қазақстан дамиды. Қоғамның келбеті түзеледі.
24/04/2018
SKILLS ACADEMY мекемесінің құрамына кіретін тағы бір сайтымыз - Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты.
Бұл сайттың ашылғанына 1 жыл енді толса да республикалық мұғалімдер мен оқушылар олимпиадасын жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді.
Өткен жылы Астана қаласында өткен қазақ тілді сайттар байқауында білім номинациясы бойынша үздік деп танылып, ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының стипендиясын иеленді.
Сайт қазақ тіл ғылымының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы құрметіне қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен оқушылар олимпиадасын ұйымдастырылып келеді.
Биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылған олимпиадада үздіктер бағалы сыйлықтармен және төсбелгімен марапатталды.
http://qaztest.kz/post/view?id=120
Бағалы сыйлықтардың иегерлері - А.Байтұрсынов олимпиадасы
qaztest.kz
24/04/2018
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының иегері, ең үздік қазақ тілді білім сайты Martebe.kz ақпараттық білім порталында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқаулардың бірі - Республикалық "Үздік жас маман" конкурсы.
Байқау биылғы жылы да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, үздік жас мамандарды анықтады.
Биылғы байқаудың жеңімпазы Сәбитова Асылзат Сәбитқызының сайтқа жазған пікірінен-ақ жас маманның ойы ұшқыр, білімді, үздік жас маман екені көрінеді.
Ұстазын құрметтеген ұлт ұтылмайды. Асылзаттай жастарымыздың ұрпақ тәрбиесіне араласуы ұстаз мәртебесін көтерілері хақ. Жас маман пікірімен таныс болыңыздар
https://martebe.kz/sabitova-asylzat-sabitkhyzy-ii-respublikalykh-zhas-maman-bajkhauynyn-zhenimpazy/
Сәбитова Асылзат Сәбитқызы - ІІ Республикалық "Жас маман" байқауының жеңімпазы - Martebe.kz
Martebe.kz ақпараттық білім порталы II Республикалық «Жас маман» байқауын ұйымдастырып жатқандығы туралы естіген күннен «қатыссам» деген бір ауыз сөз санамда жатталып...
30/10/2017
Qaztest.kz интернет сайтында республикалық педагогика олимпиадасын ұйымдастырады. Олимпиадаға колледж, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен балабақша қызметкерлері қатыса алады.
Олимпиаданың мақсаты: педагог мамандардың «педагогика және психология» пәні бойынша білім деңгейін тексеру және республикамыздың үздік ұстаздарын анықтау.
Өткізілу уақыты: 20 қазаннан 30 қараша аралығы – іріктеу кезеңі, 1 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында – ІІ кезең. Бірінші кезең нәтижесі финалға өткеннен кейін жойылады. Олимпиада нәтижесі екінші кезеңнен кейін сайтта жарияланады.
http://qaztest.kz/post/view?id=83
Тұңғыш республикалық Педагогика олимпиадасы өтеді
qaztest.kz
10/08/2017
Осы жылы жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілді. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша — 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша — 300 грант), 2850 орын — жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді. Аталған басымдықтарды ескере отырып, техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға 13 670 грант, педагогикалық мамандықтарға 8 235 грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға 2 682 грант, медициналық мамандықтарға 3 150 грант және т.б. қарастырылды. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысып жатыр, оның ішінде 49 858 адам — қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам — орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған.
https://martebe.kz/ubt-2017-memlekettik-bilim-granty-iegerlerinin-tizimi-zharijalandy/
ҰБТ 2017. Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды - Martebe.kz
Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін сақтап алу үшін МЫНА СІЛТЕМЕГЕ өтіңіз. Толық тізім 14 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде шығады. Осы жылы жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілді. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау...
14/04/2017
Тұңғыш республикалық Ахмет Байтұрсынұлы олимпиадасы басталды
qamshy.kz Қамшы -- Ұл болсаң қолыңда, құл болсаң төбеңде ойнайды - қазақ тіліндегі ақпарат
14/04/2017
Олимпиадаға қатысып, біліміңді сынап көр, зерделі білімгер!
І Республикалық Ахмет Байтұрсынұлы олимпиадасы басталады - Martebe.kz
Олимпиадаға қатысып: диплом, стипендия және медальға ие болыңыз! «SKILLS ACADEMY» ЖШС мекемесі мен Qaztest.kz республикалық онлайн интернет сайты біріге отырып, республикалық жалпы білім беретін мекемелер арасында мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы…
15/03/2017
Нұржан Думанқызының шығармашылығынан... Оқи отырыңыздар....
Нұржан Думанқызы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің І курс студенті
«Мен және Ғаламтор» Адам ойдан ойшыл, істен шебер болмақ екен. Дәлелі- бұл күнге дейін дау туғызатын Дарвиннің тұжырымдары. Не керек содан бері белгілі уақыттар өтті, беймезгіл бейнелер тарих таспасына басылғаны да жасырын емес-ты. Ой теңізін білім қайығымен серуендегендер талай пәндер атасына айнал...
14/03/2017
Соңғы жеті жыл ішіндегі бақылауым. «Ештеңе істегісі келмейтін» бір буын өсіп шықты. Ақша да, карьера да, жеке өмірдің де қажеті жоқ. Олар тәулік бойы компьютерге қадалып отыра береді. Қыздарға да қызықпайды. Мүлде жұмыс істегісі келмейді. Қазіргі өміріне дән риза – әке-шешесінің үйі, темекі мен сыраға жететін ақша. Бітті. Бұларға не болған?
Ештеңе істегісі келмейтін жасөспірімдерге не істеуге болады? - Martebe.kz
Аударған Шынар Әбілдә Катерина Демина – кеңес беруші психолог, балалар психологиясының маманы, ата-ананың көкейінде жүрген біраз түйткілді мәселені мақаласында қамтуға тырысқан. Соңғы жеті жыл ішіндегі бақылауым. «Ештеңе істегісі келмейтін» бір буын өсіп шықты. Ақша да, карьера да, жеке өмірдің де…
14/03/2017
Көпшілік адамдар халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан асыл дәстүрлерін білсе де, оларды күнделікті өмірде мүлдем қолданбайды. Сондықтан да біз қолданыстан шығып қалған дәстүрлердің кейбірін еске алуды жөн санадық.
Ұмыт бола бастаған қазақ дәстүрлері - Martebe.kz
Көпшілік адамдар халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан асыл дәстүрлерін білсе де, оларды күнделікті өмірде мүлдем қолданбайды. Сондықтан да біз қолданыстан шығып қалған дәстүрлердің кейбірін еске алуды жөн санадық. Ерулік Ерулік — бұл жаңа қонысқа көшіп келгендерді үйге шақыру дәстүрі. Жаңа...
14/03/2017
Әр сәтті, әр адамды жаңа нәрсе білу үшін пайдалан. Кез келген саланың майын ішкен майталманмен жолығудың сәті түссе, оның жұмысының мәні неде, оның мақсаты не, қандай жетелеуіш ойға басымдық беретінін білуге тырыс
Өзің өзгерсең - өмір де өзгереді - Martebe.kz
1. Жаның нені қалайды? Шын ойланып көрдің бе? Ең маңызды әрі ең күрделісі осы. Бұл туралы көп нәрсе айтуға болар еді. Тоқетерін ғана айтайық – шын ләззат алатын іспен ғана шұғылдан. Сонда бақытың шынайы болмақ. Интернет дамығалы бәрі оңтайланды емес пе? Жасаған әр ісіңді елге айтуға мүмкіндік еселен...