Web-платформа электронных учебников TopIQ.kz

Web-платформа электронных учебников TopIQ.kz

Share

Web-платформа электронных учебников TopIQ.kz созданы казах?

30/08/2022

30 тамыз – Конституция күні!
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.
#алматыкітапбаспасы

Photos from Web-платформа электронных учебников TopIQ.kz's post 21/08/2022

"LEADER TopIQ» - конкурс, объявленный издательством «Алматыкітап баспасы» в декабре 2021 года, и собравший более 400 участников: педагогов, студентов, учащихся из 19 регионов страны.
Победителями признаны 30 участников из 9 регионов Казахстана.

Цель конкурса - расширение сферы применения первой отечественной платформы электронных учебников TopIQ, представленной издательством «Алматыкітап баспасы».

По словам Асимы Рыскулбековой, руководителя департамента цифрового контента издательства "Алматыкiтап баспасы", на платформе TopIQ собраны учебники для всех классов.


В 2021-2022 учебном году платформа TopIQ стала основным инструментом для организации работы с цифровым контентом в более чем 300-ста школах Казахстана. Благодаря использованию электронных учебников в школах многие учителя – участники проекта – уже отметили рост успеваемости в своих классах и заинтересованность учеников.

10/08/2022

Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының 177 жылдық мерейтойы құтты болсын!
Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.
Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.

Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді. 

Ұлы тұлғаға тағзым жасау мақсатында
«Алматыкітап» баспасы «Мәңгілік тұлға – Ұлы Абай» мен Абайдың «Қара сөздерін» басып шығарды. «Мәңгілік тұлға – Ұлы Абай» кітабы бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып та үлгерді.

Мұхтар Әуезов Абайдың қара сөздері 1890 жыл мен 1898 жыл аралығында жазылған деп көрсетеді. Қара сөздердің жалпы саны қырық алты бөлікті. Оның алты-жетісі қысқа үлгіде 16, 18, 19, 20, 24, 31, 45 сөздері. 46 сөз болса, жалпы мамұн, тақырып жағынан өзгерек. Тарихты мақала, очерк тәрізді. Абайдың қара сөздері сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілік, мораль мәселеріне арналған өсиет, толғау сынды. Сонысымен ерекше.
Қара сөздерде өмір философиясы, қазақ әдебиетінде ежелден келе жатқан сарын - не жақсы, не жаманның жайы жөнінде жазылған. Абайдың қара сөздерін оқып, бойына сіңірген жан - кемел тұлғалардың бірі болып қалыптасады десе де болады.
Ендеше, ұлттың ұйытқысы болған дана Абайдың туған күні құтты болсын, құрметті оқырман!

#абайкүні #алматыкітапбаспасы #мәңгіліктұлға

09/08/2022

9 тамыз – Бүкіләлемдік кітапқұмарлар күні!🥳😍✨

Кітапқұмарлар күні немесе Book Lovers Day – бұл тамыз айының бірінші онкүндігінде атап өтілетін бейресми мереке. 🥳
Бастапқыда оны АҚШ-та ұлттық кітапсүйгіш күні ретінде атап өтсе, кейін ол бүкіл әлемге тарады. Осы мерекеде түрлі баспалар мен дүкендер өз оқырмандары үшін жәрмеңке мен кітап көрмелерін ұйымдастырса, жазушылар өз туындыларының тұсауын кесіп, жанкүйеолерімен жүздесіп жатады.😍🍭

Өзіңізді кітапқұмармын деп санасаңыз, сізді де бүгінгі мерекеңізбен құттықтаймыз!🥳

Достар, кітап оқиық, пайдалы білім алайық!🙆🏻‍♀️❤️✨
#алматыкітапбаспасы

02/08/2022

Байқау! Байқау! Байқау!📢
Құрметті оқырмандар! Ұлы Абайдың туған күні қарсанында, «Алматыкітап» баспасы «Бала Абай - 2022» жас ақындар байқауын бастайды. 🥳 Бойына ақындық қасиет дарыған әрбір бала бағын сынаса болады.📝
Байқау шарттары:
1. Қатысушының жасы 5-17 жас аралығында болу керек;
2. Бала ӨЗІ ШЫҒАРҒАН кез келген өлеңді оқып, оны видеоға түсіру;
3. Алматыкітап Баспасы] ресми аккауынтына тіркелу;
4. Дайын видеоны хэштегін жазып, Алматыкітап Баспасы] аккаунтын белгілеп, жеке немесе мектеп парақшасына жүктеу.
Өтінімдерді қабылдау мен қарау шарттары:
1. Өтінімдер 02.08 мен 10.08 аралығында қабылданады;📩
2. Жеңімпаздарды арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды;🗳
3. Ең үздік деп танылған 3 /үш/ қатысушының видеосы баспаның ресми парақшасына жарияланады.🥇🥈🥉Жеңімпаздар мен номинанттар сыйлықтармен марапатталады. 🎁Сыйлықтар Алматы қаласында оффлайн, ал басқа өңірлерге Қазпошта арқылы табысталады. 😍
Қатысушыларымызға сәттілік!💫

22/07/2022

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ😍💫

Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы – батырлар жыры. Туған жері мен елін шын сүйген, оны көщінің қарашығындай қорғаған Ер Тарғын, Алпамыс, Қобыланды, Қамбат есімдері ел есінде мәңгі сақтаулы. Аталған оқу құралы жас шәкірттерді өз елінің патриоты етіп тәрбиелеуге қызмет етері сөзсіз.

Heroic eposes our of the genres of Kazakh nation’s folklore. The names of such batyrs as Er Targyn, Alpamys, Koblandy, Kambar and their feats of arms lived among people during many centures. They piously believed that batyrs’ spirits eternally accompanied the Kazakhs’ nomad camps, defending their lands from an enemy and safeguarding their descendans’ pease.
The essence of the epic work is remade taking into consideration the age peculiaritiesof children of the junior and middle school age. The beautiful pictures will facilitate the vivid perception of heroes and the comprehension of the book.

21/07/2022

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ😍💫

Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы – батырлар жыры. Туған жері мен елін шын сүйген, оны көщінің қарашығындай қорғаған Ер Тарғын, Алпамыс, Қобыланды, Қамбат есімдері ел есінде мәңгі сақтаулы. Аталған оқу құралы жас шәкірттерді өз елінің патриоты етіп тәрбиелеуге қызмет етері сөзсіз.

Heroic eposes our of the genres of Kazakh nation’s folklore. The names of such batyrs as Er Targyn, Alpamys, Koblandy, Kambar and their feats of arms lived among people during many centures. They piously believed that batyrs’ spirits eternally accompanied the Kazakhs’ nomad camps, defending their lands from an enemy and safeguarding their descendans’ pease.
The essence of the epic work is remade taking into consideration the age peculiaritiesof children of the junior and middle school age. The beautiful pictures will facilitate the vivid perception of heroes and the comprehension of the book.

Photos from Web-платформа электронных учебников TopIQ.kz's post 19/07/2022

Библиофилия – сөзбе-сөз: кітапқа деген сүйіспеншілік. 📚❤️ Библиофил — сирек және құнды басылымдарды жинайтын адам. Олар кейде бір автордың, иллюстратордың және т.б. басылымдарды жинағанды ұнатады. Сонымен қатар тек кітаптар ғана емес, мерзімді басылымдарды, хромолитографтарды, комикстер де жинайды. Сіз өзіңізді нағыз кітапқұмармын десеңіз, осы фильмлерді көруге кеңес береміз!😍🙆🏻‍♀️ #алматыкітапбаспасы

15/07/2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қосымша білім беруді дамыту жайында айтты.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері мен өңірлер әкімдірінің назарын халықты алаңдатқан бірқатар өзекті мәселені шешу қажеттігіне аударды. Сонымен қатар қосымша білім беру мәселесін де ерекше атап өтті.

Президенттің кеңейтілген отырыста сөйлеген сөзінен:
Келесі мәселе – қосымша білім беру. Бұл – өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама. Қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетін болды. Бұл қадам үйірмелер мен секцияларға қатысатын балалардың санын 70 пайызға дейін арттырды. Мұны стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім деп санаймын.

#алматкітапбаспасы

13/07/2022

🌑 Шетсіз, шексіз ғаламшардың, Күн жүйесі мен планеталардың қалай пайда болғанын білесің бе? 🤔💫

🌏 Жер – жалғыз тіршілік бар планета деген қаншалықты рас?..

🚀 Ғарышкерлер айға ұшпас бұрын қандай жаттығулар жасайды?

🌛 Адамның алғаш рет Айға қонуы қалай жүзеге асты?

🪐 Өзге ғаламшарлықтармен араласу мүмкін бе?

📍Осы сияқты қызықты сұрақтардың жауабын «Жалықтырмайтын АСТРОНОМИЯ» энциклопедиясынан таба аласың!😍
#алматкітапбаспасы

11/07/2022

📍Балаларға кітапты қанша жастан бастап оқыған жөн деп ойлайсыз?🤔

📍Ал бұрындары кітаптарды шынжырлармен бекітіп қойғанын білесіз бе?!😳

📚«Кішкентай Ханзада» шығармасы апаттан кейін жазылғаны туралы естіп пе едіңіз?!

Кітап жайлы негізгі қызықты ақпараттарды біле жүріңіздер😍

#алматыкітапбаспасы

06/07/2022

Бүгін тәуелсіздігіміздің төл тұғыры болған, төрткүл дүниені түгел таңдандырған ару Астананың туған күні.🥳❤️
Астана бүгінде – әлемді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық. Елорда көркімен де, көлемімен де, көшбасшылығымен де Еуразия жүрегіне айнала алды. Барша оқырмандарымызды Астана күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!❤️💫
#алматкітапбаспасы

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Almaty