Aisaf Almaty

Aisaf Almaty

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Aisaf Almaty, School, Almaty.

24/05/2025

📚🔔 Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Бүгін – мектеп қабырғасындағы соңғы қоңырау сыңғыры, жүректі тербеткен сағыныш пен үмітке толы сәт…

🎓 Құрметті түлектер!
Бала арманмен табалдырық аттаған күніңіз әлі де көз алдымызда. Енді міне, қияға қанат қағатын сәт туды. Әр қадамдарыңызға сәттілік серік болсын!

💫 Мектеп партасында өткен жылдар – тек білім алған кез ғана емес,
дос тапқан, армандай білген, өмірді алғаш түсіне бастаған қымбат шақтар.
Қоңырау сыңғыры енді сіздердің жүректеріңізде үміт пен естелікке айналды…

📖 Ұстаздарыңыздың ақ тілегі – жолыңызда шырақ болсын,
Ата-анаңыздың үміті – жігеріңізге дем болсын.
Алдағы өмір жолыңыз тек жақсылыққа, жаңалыққа, жарыққа толы болғай!

❤️ Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Бүгін – қоштасу. Ертең – жаңа өмірдің бастауы.

01/05/2025

1 МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ 🇰🇿

Бүгін – көпұлтты еліміздің басты құндылығы саналатын бірлік пен татулықтың мерекесі!
Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлт пен ұлыстың ортақ Отаны – Қазақстан!

Біздің мектебімізде де түрлі ұлт өкілдері бір-бірін құрметтеп, достықта, ынтымақта білім алып келеді. Бұл – болашағымыздың кепілі. 🌍💫

🤝 Біз бірлікті бағалаймыз
🎨 Әртүрлілікті құрметтейміз
💛 Ортақ құндылықтарды дәріптейміз

Бүгінгі мереке баршаңызға шаттық пен игілік әкелсін!
Берекелі бірлік күні құтты болсын!

#БірлікКүні #ҚазақстанХалқы #1мамыр

Photos from Aisaf Almaty's post 16/04/2025

Наурызбай ауданы ПБ ЖПКБ УПИ полиция қызметкері қонақта!

Бүгін мектебімізге Наурызбай ауданы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Е.М. Қыдырбек келіп, оқушылармен жол жүру ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында балаларға жолда жүру қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілердің міндеттері және жол белгілерінің маңызы туралы түсінікті әрі пайдалы ақпарат берілді.

Осындай шаралар арқылы оқушыларымыздың құқықтық сауаттылығы артып, қауіпсіздігі арта түсетініне сенімдіміз!

#ЖолЕрежесі #ҚауіпсізМектеп #НаурызбайАуданы #ПолицияменБірге

s.a

Photos from Aisaf Almaty's post 14/04/2025

🌱 Біздің жасыл мектеп!
Бәріміз бірге табиғатты аялайық, көркейте берейік!

#ЖасылМектеп #Экосана #КөктемгіКөркейту #ТабиғаттыҚорғайық

Photos from Aisaf Almaty's post 08/04/2025

Құрметті ата-аналар! 📚✨

Біздің мектебіміз сапалы білім беруде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, оқушыларымыздың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі. Осыған орай, жаңа оқу жылына қабылдау басталды.

Айта кетейік, орындар саны шектеулі, сондықтан балаңызды біздің мектепке тіркеуді кешіктірмеңіз. Тіркеу үдерісін жеңілдету үшін онлайн өтініш беру жүйесі қолжетімді. Толық ақпаратты және тіркеу нұсқаулығын мектептің ресми сайтынан таба аласыз.

Балаңыздың жарқын болашағы үшін бүгін әрекет етіңіз!

Photos from Aisaf Almaty's post 01/04/2025

Қызыңыздың болашағын бүгін ойлаңыз!
📞 Байланыс: +7 (747) 584 4940
📍 Береке 61

Photos from Aisaf Almaty's post 04/12/2024

Гимназия оқушыларының назарына 📣📣📣
Сіздерді «Шабыт» оқырмандар клубына қосылуға шақырамыз!!!
Әр түрлі жанрдағы қызықты кітаптарды бірге оқып, талқылаймыз📚📚 Сіздерді дамушы орта күтуде. Келіңіз, қосылыңыз🙌

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Almaty