Satbayev University

Satbayev University

Share

Satbayev University

Официальная страница Satbayev University.

У нас вы найдете всю самую интересную и достоверную информация о Satbayev University.

Студенты, абитуриенты, родители и коллеги, узнавайте всё о Satbayev University из официальных источников:
http://kaznitu.kz - официальных сайт
http://mypolytech.kaznitu.kz - студенческий сайт
https://www.instagram.com/satbayev_university/ - мы в Инстаграме
https://vk.co

24/06/2026

Алматыда Central Asia Non-Woven & Hygiene Development Forum 2026 халықаралық форумы өтеді

2026 жылғы 27–28 шілдеде Алматы қаласында тоқылмаған материалдар (non-woven materials) индустриясын дамытуға, заманауи гигиена технологияларына, өнеркәсіптік шешімдерге және олардың жаңа қолдану бағыттарына арналған Central Asia Non-Woven & Hygiene Development Forum 2026 халықаралық форумы өтеді.
Форумның ұйымдастырушылары Pharma Consulting және MeLink компаниялары. Іс шараның тең ұйымдастырушысы ретінде China–Central Asia Entrepreneurs Alliance қатысады. Форумды дайындау мен өткізуде Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты маңызды рөл атқарады. Іс шараның ғылыми және сараптамалық күн тәртібінің елеулі бөлігі осы институттың қатысуымен қалыптастырылады.
Тоқылмаған материалдар және тау-кен саласы
бүгінде тоқылмаған материалдар тек медицина, гигиена немесе ауыл шаруашылығында ғана қолданылатын өнім емес. Бұл технологиялар тау-кен өндірісі, инженерлік геология және жер қойнауын экологиялық жауапкершілікпен игеру бағыттарында да кеңінен сұранысқа ие болып келеді.
Форум аясында «жасыл» кеніштерді дамыту, сондай-ақ тау-кен өндіруші өңірлерде геотекстильді тоқылмаған материалдарды қолданудың инновациялық тәсілдері талқыланады. Мұндай материалдар бүлінген жерлерді рекультивациялау, аумақтарды нығайту, топырақты қорғау, су бұру жүйелерін ұйымдастыру, сүзу процестері, беткейлерді тұрақтандыру және эрозияның алдын алу сияқты міндеттерді шешуде тиімді құрал болып саналады.
Қазақстан үшін стратегиялық маңызы
Минералдық-шикізат қоры мол және тау-кен өнеркәсібі қарқынды дамыған Қазақстан үшін бұл бағыт ерекше өзекті. Кез келген кен орнын игеру табиғи және геологиялық ортаның өзгеруіне әсер етеді. Сондықтан қазіргі заманғы ғылым мен өндірістің басты міндеттерінің бірі жер қойнауын тиімді пайдалану ғана емес, сонымен қатар өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайтып, инженерлік және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету.
Осыған байланысты Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты форумды өткізуге белсенді қолдау көрсетуде. Институт үшін Қазақстанның әлемдік технологиялық үрдістерді бақылап қана қоймай, жер қойнауын тұрақты пайдалану, аумақтарды инженерлік қорғау және тау-кен саласын экологиялық модернизациялау бағытындағы озық шешімдерді тәжірибеге енгізуі маңызды.
Болашақ технологиялары және жаңа мүмкіндіктер
сарапшылардың пікірінше, геотекстильді тоқылмаған материалдар Қазақстанның геологиялық және өнеркәсіптік дамуындағы маңызды технологиялық құралдардың біріне айналуы мүмкін. Оларды пайдалану кеніштердің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруға, бүлінген аумақтарды қалпына келтіруге және табиғатпен өзара іс-қимылдың неғұрлым жауапты тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді.
Салааралық диалог алаңы
Форум бағдарламасы тек тау-кен секторымен шектелмейді. Тоқылмаған материалдардың қолдану аясы өте кең және ауыл шаруашылығы, медицина, гигиена индустриясы, құрылыс, су шаруашылығы сияқты көптеген салаларды қамтиды.
Осыған байланысты Central Asia Non-Woven & Hygiene Development Forum 2026 ғылым, бизнес, өндіріс және тұтыну секторларының өкілдерін біріктіретін тиімді коммуникациялық алаңға айналмақ. Форум қатысушыларға тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды талқылауға және өзара тиімді серіктестік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың бағалауынша, Central Asia Non-Woven & Hygiene Development Forum 2026 Қазақстан мен Орталық Азиядағы озық технологияларды дамытуға серпін беретін маңызды халықаралық оқиға болмақ. Сонымен қатар форум тұрақты өнеркәсіп, экологиялық инженерия және тоқылмаған материалдарды инновациялық қолдану салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Photos from Satbayev University's post 24/06/2026

Сәтбаев университеті THE Impact Rankings 2026 рейтингінде әлемнің үздік 400+ университеті қатарына енді

Сәтбаев университеті халықаралық Times Higher Education (THE) Impact Rankings 2026 рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартып, әлем университеттері арасында 401–600 орындар тобына енді.
THE Impact Rankings – жоғары оқу орындарының Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (SDGs) қол жеткізуге қосқан үлесін бағалайтын беделді халықаралық рейтинг. Ол университеттердің білім беру, ғылым, әлеуметтік жауапкершілік, экология және серіктестік салаларындағы нақты әсерін көрсетеді.
2026 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Сәтбаев университеті бірқатар маңызды бағыттарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, университет сапалы білім беру, әлеуметтік теңсіздікті азайту, таза энергетика, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бағыттарында үздік көрсеткіштер көрсетті.
Тұрақты даму мақсаттары бойынша университеттің нәтижелері:

SDG 4 – Сапалы білім: 101–200 орындар тобы
SDG 10 – Теңсіздікті азайту: 101–200 орындар тобы
SDG 2 – Аштықты жою: 201–300 орындар тобы
SDG 7 – Қолжетімді және таза энергия: 201–300 орындар тобы
SDG 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл: 201–300 орындар тобы
SDG 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: 301–400 орындар тобы
SDG 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс: 301–400 орындар тобы
SDG 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар: 301–400 орындар тобы
Бұл нәтижелер Сәтбаев университетінің тұрақты даму қағидаттарын білім беру, ғылыми зерттеу, әлеуметтік бастамалар және басқару жүйесіне жүйелі түрде енгізіп отырғанын дәлелдейді.
Техникалық зерттеу университеті ретінде Сәтбаев университеті инженерлік білім мен қолданбалы ғылымды дамытуға ерекше мән береді. Университеттің энергетика, су ресурстары, цифрлық технологиялар және инновациялық әзірлемелер салаларындағы зерттеулері бүгінгі жаһандық сын-қатерлерді шешуге бағытталған.
THE Impact Rankings рейтингіндегі жетістік университеттің тек академиялық және ғылыми әлеуетін арттырып қана қоймай, Қазақстан мен халықаралық қоғамдастықтың тұрақты дамуына нақты үлес қосып отырғанын көрсетеді.
Алдағы уақытта Сәтбаев университеті БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға, инклюзивті білім беру ортасын дамытуға, климат, энергетика және технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, бизнес құрылымдарымен және халықаралық ұйымдармен серіктестікті нығайтуға бағытталған жұмыстарын жалғастыра береді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 23/06/2026

Ғылым – қоғам игілігіне: қазақстандық ғалымдар құрылыс қауіпсіздігін арттыратын жаңа технологияны сынақтан сәтті өткізді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым – қоғам игілігіне» айдары аясында отандық ғалымдардың ғылыми жобалары туралы жарияланымдар легін жалғастырамыз. Сәтбаев университетінің ғалымдары металл және бетон конструкциялардың техникалық жағдайын үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін заманауи талшықты-оптикалық датчиктерді табысты сынақтан өткізді.

Ғылыми жоба аясында инженерлік құрылыстардың қауіпсіздігін арттыруға арналған Брэгг торлары (FBG) негізіндегі инновациялық мониторинг жүйесі зерттеліп, оның тиімділігі дәлелденді. Зерттеу жұмысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландыруы аясында жүзеге асырылды.

Жобаның басты мақсаты – металл және бетон конструкциялардың кернеулі-деформацияланған күйін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу. Әзірленген жүйе құрылыс нысандарының жай-күйіндегі өзгерістерді ерте кезеңде анықтап, ықтимал ақаулар мен апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.

🔗 Толығырақ: gov.kz

***

🔬Наука – во благо общества: казахстанские ученые успешно протестировали новую технологию для повышения безопасности строительства

Продолжаем серию публикаций в рамках рубрики Министерства науки и высшего образования РК «Наука – во благо общества», посвященной научным проектам отечественных ученых. Ученые Satbayev University успешно провели испытания современных волоконно-оптических датчиков, позволяющих непрерывно контролировать техническое состояние металлических и бетонных конструкций.

В рамках научного проекта была исследована и подтверждена эффективность инновационной системы мониторинга на основе волоконных брэгговских решеток (FBG), предназначенной для повышения безопасности инженерных сооружений. Исследование выполнено при поддержке Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК.

Главная цель проекта – разработка отечественных технологических решений, позволяющих в режиме реального времени контролировать напряженно-деформированное состояние металлических и бетонных конструкций. Созданная система позволяет на ранних стадиях выявлять изменения в состоянии строительных объектов и предотвращать возможные дефекты и аварийные ситуации.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Наука – во благо общества: казахстанские ученые успешно протестировали новую технологию для повышения безопасности строительства 23/06/2026

Наука – во благо общества: казахстанские ученые успешно протестировали новую технологию для повышения безопасности строительства

Продолжаем серию публикаций в рамках рубрики Министерства науки и высшего образования РК «Наука – во благо общества», посвященной научным проектам отечественных ученых. Ученые Satbayev University успешно провели испытания современных волоконно-оптических датчиков, позволяющих непрерывно контролировать техническое состояние металлических и бетонных конструкций.

Наука – во благо общества: казахстанские ученые успешно протестировали новую технологию для повышения безопасности строительства Наука – во благо общества: казахстанские ученые успешно протестировали новую технологию для повышения безопасности строительства

🔬Ғылым – қоғам игілігіне: қазақстандық ғалымдар құрылыс қауіпсіздігін арттыратын жаңа технологияны сынақтан сәтті өткізді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым – қоғам игілігіне» айдары аясында отандық ғалымдардың ғылыми жобалары туралы жарияланымдар легін жалғастырамыз. Сәтбаев университетінің ғалымдары металл және бетон конструкциялардың техникалық жағдайын үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін заманауи талшықты-оптикалық датчиктерді табысты сынақтан өткізді. 

Ғылыми жоба аясында инженерлік құрылыстардың қауіпсіздігін арттыруға арналған Брэгг торлары (FBG) негізіндегі инновациялық мониторинг жүйесі зерттеліп, оның тиімділігі дәлелденді. Зерттеу жұмысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландыруы аясында жүзеге асырылды.

🔗 Толығырақ: gov.kz

***

🔬Наука – во благо общества: казахстанские ученые успешно протестировали новую технологию для повышения безопасности строительства

Продолжаем серию публикаций в рамках рубрики Министерства науки и высшего образования РК «Наука – во благо общества», посвященной научным проектам отечественных ученых. Ученые Satbayev University успешно провели испытания современных волоконно-оптических датчиков, позволяющих непрерывно контролировать техническое состояние металлических и бетонных конструкций. 

В рамках научного проекта была исследована и подтверждена эффективность инновационной системы мониторинга на основе волоконных брэгговских решеток (FBG), предназначенной для повышения безопасности инженерных сооружений. Исследование выполнено при поддержке Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК. 

🔗 Подробнее: gov.kz 23/06/2026

🔬Ғылым – қоғам игілігіне: қазақстандық ғалымдар құрылыс қауіпсіздігін арттыратын жаңа технологияны сынақтан сәтті өткізді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым – қоғам игілігіне» айдары аясында отандық ғалымдардың ғылыми жобалары туралы жарияланымдар легін жалғастырамыз. Сәтбаев университетінің ғалымдары металл және бетон конструкциялардың техникалық жағдайын үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін заманауи талшықты-оптикалық датчиктерді табысты сынақтан өткізді.

Ғылыми жоба аясында инженерлік құрылыстардың қауіпсіздігін арттыруға арналған Брэгг торлары (FBG) негізіндегі инновациялық мониторинг жүйесі зерттеліп, оның тиімділігі дәлелденді. Зерттеу жұмысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландыруы аясында жүзеге асырылды.

🔗 Толығырақ: gov.kz

🔬Ғылым – қоғам игілігіне: қазақстандық ғалымдар құрылыс қауіпсіздігін арттыратын жаңа технологияны сынақтан сәтті өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым – қоғам игілігіне» айдары аясында отандық ғалымдардың ғылыми жобалары туралы жарияланымдар легін жалғастырамыз. Сәтбаев университетінің ғалымдары металл және бетон конструкциялардың техникалық жағдайын үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін заманауи талшықты-оптикалық датчиктерді табысты сынақтан өткізді. Ғылыми жоба аясында инженерлік құрылыстардың қауіпсіздігін арттыруға арналған Брэгг торлары (FBG) негізіндегі инновациялық мониторинг жүйесі зерттеліп, оның тиімділігі дәлелденді. Зерттеу жұмысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландыруы аясында жүзеге асырылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔬Наука – во благо общества: казахстанские ученые успешно протестировали новую технологию для повышения безопасности строительства Продолжаем серию публикаций в рамках рубрики Министерства науки и высшего образования РК «Наука – во благо общества», посвященной научным проектам отечественных ученых. Ученые Satbayev University успешно провели испытания современных волоконно-оптических датчиков, позволяющих непрерывно контролировать техническое состояние металлических и бетонных конструкций. В рамках научного проекта была исследована и подтверждена эффективность инновационной системы мониторинга на основе волоконных брэгговских решеток (FBG), предназначенной для повышения безопасности инженерных сооружений. Исследование выполнено при поддержке Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК. 🔗 Подробнее: gov.kz

Photos from Satbayev University's post 22/06/2026

В Восточном Казахстане стартовала III Геологическая универсиада «Сатпаев»
В Восточно-Казахстанской области стартовала III Казахстанская геологическая универсиада «Сатпаев» – крупнейшее студенческое соревнование в области геологии, объединяющее будущих специалистов со всей страны. В течение недели на базе летнего экспедиционного кампуса «Простор» ВКТУ имени Д. Серикбаева студенты ведущих вузов и колледжей Казахстана будут соревноваться в профессиональном мастерстве и проходить подготовку в условиях, максимально приближенных к реальной геологической практике.
Организатором Универсиады выступает Satbayev University при поддержке Комитета геологии Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан и Министерства науки и высшего образования РК.
Главная цель проекта – поддержка талантливой молодежи, популяризация геологических профессий и формирование нового поколения специалистов, которым предстоит развивать геологоразведочную отрасль Казахстана.
В финальном этапе принимают участие лучшие студенты, прошедшие отбор в своих учебных заведениях. Среди участников – представители Satbayev University, Восточно-Казахстанского технического университета имени Д. Серикбаева, Назарбаев Университета, Казахстанско-Британского технического университета, Атырауского университета нефти и газа имени Сафи Утебаева, Карагандинского технического университет имени Абылкаса Сагинова, Каспийского университета технологий и инжиниринга имени Шахмардана Есенова, Caspian University, Кызылординского университета имени Коркыт Ата, а также Семипалатинского геологоразведочного колледжа.
В течение недели участникам предстоит пройти полевые геологические маршруты, провести отбор и описание образцов горных пород, выполнить геологические наблюдения, подготовить геологические материалы и продемонстрировать знания в области минералогии, гидрогеологии, геофизики и других профильных дисциплин.
«Сегодня Казахстану нужны молодые специалисты, способные сочетать фундаментальные знания с практическими навыками. Геологическая универсиада позволяет студентам проверить себя в условиях, максимально приближенных к реальной работе, приобрести новый опыт и познакомиться с будущими коллегами. Именно так формируется профессиональное сообщество молодых геологов Казахстана», – отметил ректор Satbayev University Мейрам Бегентаев.
Оценивать результаты соревнований будут ведущие ученые и преподаватели профильных вузов, а также представители лидеров горнодобывающей и геологоразведочной отрасли: Kazakhmys Barlau, ERG, Kazzinc, Onyx-R.
Итоги III Казахстанской геологической универсиады «Сәтбаев» будут подведены 28 июня. Победители и призеры получат образовательные гранты вузов, дипломы, сертификаты, ценные призы.
Универсиада носит имя выдающегося ученого Каныша Сатпаева и продолжает традицию подготовки молодых специалистов, способных в будущем внести вклад в изучение недр и развитие минерально-сырьевого комплекса Казахстана.

Photos from Satbayev University's post 22/06/2026

Шығыс Қазақстанда III республикалық «Сәтбаев» геологиялық универсиадасы басталды
Шығыс Қазақстан облысында еліміздің әр өңірінен келген жас геологтардың басын қосқан III республикалық «Сәтбаев» геологиялық универсиадасы өз жұмысын бастады. Бұл ауқымды білім мен тәжірибе алаңы бір апта бойы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Простор» жазғы экспедициялық кампусында өтеді.
Универсиадаға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысып, өздерінің кәсіби дайындығын сынайды. Болашақ мамандар геолог кәсібінің нақты еңбек жағдайына барынша жақын ортада жұмыс істеп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алады.
Іс-шараны Сәтбаев университеті, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Жобаның негізгі мақсаты дарынды жастарды қолдау, геология саласына деген қызығушылықты арттыру және еліміздің минералдық-шикізат әлеуетін дамытуға үлес қосатын жаңа буын мамандарын қалыптастыру.
Финалдық кезеңге өз оқу орындарындағы іріктеуден үздік шыққан студенттер жолдама алды. Олардың қатарында Сәтбаев университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Nazarbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Caspian University, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Семей геологиялық барлау колледжінің өкілдері бар.
Бір аптаға созылатын жарыс барысында қатысушылар далалық геологиялық зерттеулер жүргізіп, тау жыныстарының үлгілерін жинау мен сипаттау, геологиялық бақылаулар жасау, түрлі геологиялық материалдар әзірлеу сияқты тапсырмаларды орындайды. Сонымен қатар минералогия, гидрогеология, геофизика және басқа да бейіндік пәндер бойынша білім деңгейлерін көрсетеді.
Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанға терең білімді, заманауи технологияларды меңгерген және практикалық дағдылары жоғары жас мамандар қажет.
«Геологиялық универсиада студенттерге өз қабілеттерін өндірістік жағдайға жақын ортада сынауға, жаңа тәжірибе жинақтауға және кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Осындай алаңдарда еліміздің болашақ геологтарының кәсіби қауымдастығы қалыптасады», – деді ол.
Қатысушылардың жұмысын салалық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушылары, сондай-ақ геологиялық барлау және тау-кен өнеркәсібінің ірі компанияларының мамандары бағалайды.
III республикалық «Сәтбаев» геологиялық универсиадасының қорытындысы 28 маусымда жарияланады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім гранттарына, дипломдарға, сертификаттарға және бағалы сыйлықтарға ие болады.
Универсиада қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталады. Бұл жоба жас ұрпақты ғылым мен ізденіске баулып қана қоймай, ел байлығын зерттеу мен игеру ісіне адал қызмет ететін кәсіби мамандарды тәрбиелеу дәстүрін жалғастырып келеді.
Бүгінгі жас геологтар ертеңгі Қазақстанның табиғи байлығын зерттеп, ел экономикасының дамуына үлес қосатын мамандар. Сондықтан мұндай білім сайыстары олардың кәсіби қалыптасуына жол ашып, ғылым мен өндірістің жаңа буынын тәрбиелеуге маңызды серпін береді.

Photos from Satbayev University's post 22/06/2026

ҒЫЛЫМИ ӘРІПТЕСТІК: Сәтбаев университеті мен Оңтүстік Корея Қазақстанның индустриялық серпілісіне бағытталған жоғары технологиялық металлургиялық жобаларды іске қоспақ
Сәтбаев университеті жанындағы Металлургия және кен байыту институты (МжКБИ) халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту бағытында маңызды қадам жасап, Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен беделді International Conference on Valufacturing (ICV) халықаралық конференциясына қатысты. Кореяның өнеркәсіптік технологиялар институты (KITECH) ұйымдастырған бұл ауқымды іс-шара қазақстандық ғылымды жаһандық индустриялық үрдістермен ықпалдастыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Институт делегациясын МжКБИ-дің бас директоры, профессор Бағдаулет Кенжалиев басқарды. Сапардың негізгі мақсаты озық кореялық технологияларды елімізге енгізу, өнеркәсіпті цифрландыру үдерістерін дамыту және Қазақстанның ғылыми инфрақұрылымына шетелдік инвестициялар тарту.
Іссапар аясындағы маңызды оқиғалардың бірі профессор Бағдаулет Кенжалиевтің KITECH президенті Сангмок Лидің төрағалығымен өткен жабық форматтағы International Summit Talks халықаралық саммитіне қатысуы болды. Саммитке әлемнің 14 елінен келген жетекші сарапшылар мен сала мамандары қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан халықаралық зерттеу бастамаларының ұзақ мерзімді жол картасын әзірлеуші елдердің қатарына қосылып, жоғары тиімділік пен құндылыққа негізделген өндіріс тұжырымдамасын ілгерілететін жаңа халықаралық платформа – Valufacturing Society дүниежүзілік қоғамдастығын құру жұмысына қатысатын болды.
Корея индустриясының жетекші ұйымдары, оның ішінде KORAM өкілдерімен өткен екіжақты кездесулер барысында отандық ғылым үшін стратегиялық маңызы зор келісімдерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, Сәтбаев университеті жанындағы Металлургия және кен байыту институтының базасында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған жоғары технологиялық жабдықтарды орналастыру жөніндегі жоспар келісілді.
Сонымен қатар тараптар Дамуға ресми көмек көрсету (ODA) бағдарламалары аясындағы бірлескен жобаларды іске асыру кезеңдерін жан-жақты талқылап, нақтылады. Бұл қадам қазақстандық ғылымға тікелей шетелдік гранттар мен қосымша қаржыландыру тартуға мүмкіндік береді.
Қазақстандық тарап ұсынған техногендік минералдық ресурстарды кешенді өңдеу және экологиялық тұрақты технологиялар саласындағы ғылыми әзірлемелер жоғары бағаланып, алдағы бірлескен экологиялық бағдарламалардың негізіне айналмақ.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды кеңейту жөніндегі уағдаластықтарын бекітіп, келесі жұмыс кездесулерінің кестесін мақұлдады. Алдағы кездесулер Алматы қаласындағы «Металлургия және кен байыту институты» АҚ базасында өтіп, бірлескен өндірістік алаңдарды іске қосу бойынша түпкілікті шешімдер қабылданады деп жоспарлануда.

Photos from Satbayev University's post 22/06/2026

НАУЧНЫЙ АЛЬЯНС: Satbayev University и Южная Корея запускают высокотехнологичные проекты в металлургии для индустриального прорыва Казахстана
Институт металлургии и обогащения (ИМиО) Satbayev University совершил важный шаг в укреплении международного научно-технического сотрудничества, приняв участие в престижной Международной конференции International Conference on Valufacturing (ICV) в Республике Корея (г. Инчхон). Мероприятие, организованное Корейским институтом промышленных технологий (KITECH), стало платформой для интеграции казахстанской науки в глобальные индустриальные тренды.
Делегацию института возглавил генеральный директор ИМиО, профессор Б.К. Кенжалиев. Главная цель визита - трансфер передовых корейских технологий, развитие цифровизации промышленности и привлечение зарубежных инвестиций в научную инфраструктуру Казахстана.
Одним из ключевых событий поездки стало участие профессора Багдаулета Кенжалиева в закрытом международном саммите International Summit Talks под председательством президента KITECH господина Сангмока Ли. В обсуждении приняли участие ведущие эксперты из 14 стран мира.
Казахстан включен в пул разработчиков долгосрочной международной дорожной карты исследовательских инициатив и создания Всемирного общества Valufacturing Society - новой концепции высокоэффективного и ценностно-ориентированного промышленного производства.
В ходе двусторонних встреч с лидерами корейской индустрии, включая представителей KORAM, были достигнуты критически важные для отечественной науки договоренности.
Согласован план размещения высокотехнологичного оборудования на базе Института металлургии и обогащения Satbayev University для проведения совместных исследований.
Стороны детально проработали этапы реализации совместных проектов в рамках программ Официальной помощи развитию (ODA), что обеспечит приток прямых иностранных грантов в казахстанскую науку.
Презентованные Казахстаном компетенции в области комплексной переработки техногенных минеральных ресурсов и экологически устойчивых технологий получили высокую оценку и лягут в основу совместных экологических программ.
По итогам переговоров стороны закрепили договоренности о масштабном обмене научно-технической информацией и утвердили график следующих рабочих встреч, которые пройдут уже на базе АО «Институт металлургии и обогащения» в Алматы для финального запуска совместных производственных площадок.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Сатпаева 22
Almaty
050000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00