04/06/2026
Ablaikhan University профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына деген құрметті білдіретін ерекше мереке ретінде аталып өтеді. Дәл осы күні, 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері ресми түрде бекітілген болатын.
Алматы қаласында мерекеге орай ұйымдастырылған негізгі іс-шаралардың бірі «Медеу» жоғары таулы спорт кешенінде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі болды.
Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қала әкімдігі мен түрлі мекемелердің өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Жастардың белсенді қатысуы мерекенің мәнін арттыра түсіп, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын айқын көрсетті.
Салтанатты рәсім Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды. Әнұран әуенімен көк Ту көкке көтеріліп, ел тәуелсіздігінің, халық бірлігінің және Қазақстанның жетістіктерінің символы ретінде желбіреді.
Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген қала басшылығы мемлекеттік рәміздердің патриоттық тәрбие берудегі, азаматтық сананы қалыптастырудағы және тәуелсіздіктің құндылығын дәріптеудегі маңыздылығына тоқталды.
Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендер патриоттық әндер мен шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленді.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Мұндай іс-шаралар ел тарихы мен құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ұлттық мақтаныш сезімін нығайтуға ықпал етеді.
Участие ППС и студентов Ablaikhan University в торжественной церемонии поднятия государственного флага Республики Казахстан
Традиционно 4 июня в стране отмечается День государственных символов Республики Казахстан. Праздник был установлен в 2007 году и с тех пор стал символом уважения к государственным атрибутам страны – флагу, гербу и гимну. Дата выбрана не случайно: именно 4 июня 1992 года были утверждены государственные символы независимого Казахстана.
В Алматы центральным событием праздничных мероприятий стала торжественная церемония поднятия Государственного флага на высокогорном спортивном комплексе «Медеу».
В мероприятии приняли участие аким города Алматы Дархан Сатыбалды, представители городских структур, а также преподаватели и студенты высших учебных заведений мегаполиса. Участие молодежи придало событию особую значимость, подчеркнув преемственность поколений и уважение к государственным символам.
Церемония началась с исполнения Государственного гимна Республики Казахстан. Под звуки гимна был поднят Государственный флаг – как символ единства народа, независимости страны и гордости за достижения Казахстана.
Выступая перед собравшимися, представители городской администрации подчеркнули важность государственных символов как основы патриотического воспитания, укрепления гражданской идентичности и осознания значения обретения независимости страны.
После официальной части для участников мероприятия была организована праздничная концертная программа. На сцене выступили творческие коллективы, прозвучали патриотические песни, а студенты активно поддерживали артистов, создавая атмосферу праздника.
Празднование на «Медеу» завершилось в торжественной и одновременно тёплой атмосфере. Участники отметили, что такие события не только подчеркивают значимость государственных символов, но и объединяют людей, укрепляя чувство национальной гордости и единства.
02/06/2026
Академик Сәлима Құнанбаева Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған жоғары марапатқа ие болды
2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында көрнекті қазақстандық ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, филология ғылымдарының докторы Сәлима Сағиқызы Құнанбаева Академияның 80 жылдығына орай арнайы тағайындалған төсбелгімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат Сәлима Сағиқызының отандық ғылымды, білім беруді және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау ісін дамытуға қосқан көпжылдық елеулі үлесінің мойындалуы болып табылады. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ғылыми қауымдастығындағы беделді тұлғалардың бірі ретінде танылып, шетел тілдерін оқытудың халықаралық деңгейде мойындалған ғылыми-әдістемелік мектебінің негізін қалады және педагогика мен лингводидактика салаларындағы іргелі ғылыми еңбектердің авторы атанды.
Сәлима Сағиқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, ғылыми және білім беру қызметінде толағай табыстар тілейміз!
Академик Салима Кунанбаева удостоена высокой награды к 80-летию Национальной академии наук Республики Казахстан
1 июня 2026 года в рамках юбилейных мероприятий, посвящённых 80-летию Национальной академии наук Республики Казахстан, выдающийся казахстанский учёный, академик НАН РК, Председатель Правления – Ректор Казахского университета международных отношений и мировых языков имени Абылай хана, доктор филологических наук Салима Сагиевна Кунанбаева награждена нагрудным знаком, учреждённым в честь юбилея Академии наук.
Высокая награда стала признанием её многолетнего вклада в развитие отечественной науки, образования и подготовки научно-педагогических кадров. На протяжении многих десятилетий Салима Сагиевна является одним из ведущих представителей казахстанского научного сообщества, основателем признанной научно-методической школы иноязычного образования и автором фундаментальных исследований в области педагогики и лингводидактики.
Поздравляем Салиму Сагиевну с заслуженным признанием и желаем дальнейших успехов в научной и образовательной деятельности!
28/05/2026
Ablaikhan University делегациясының «Building Trust in Higher Education» Академиялық адалдық лигасының жыл сайынғы форумына қатысуы
2026 жылғы 26 мамырда Ablaikhan University делегациясы Басқарма Төрағасы – Ректорының м.а. Д.А. Қунанбаеваның жетекшілігімен SDU базасында өткен «Building Trust in Higher Education» Академиялық адалдық лигасының жыл сайынғы форумына қатысты. 2026 жылы форум Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 45-тен астам өкілдерін біріктіріп, цифрландыру және жасанды интеллектті белсенді енгізу жағдайындағы академиялық адалдықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Форум аясында қатысушылар үздік тәжірибелерімен алмасып, ашық, әділ және тұрақты білім беру ортасын қалыптастырудың заманауи тәсілдерін қарастырды, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесіндегі сенімді нығайту тетіктерін талқылады.
Іс-шара бағдарламасы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде панельдік сессия өтіп, оның барысында Академиялық адалдық лигасының мүшелері атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ ААЛ сарапшыларын марапаттау рәсімі, фотосессия және кампус-тур ұйымдастырылды. Академиялық адалдық лигасы Кеңесінің отырысы аясында Лигаға мүшелікке өтінім берген жоғары оқу орындарының өтінімдері қарастырылды. Солардың қатарында Ablaikhan University-де болды. Кеңес қатысушыларына университеттің негізгі қызмет бағыттары, академиялық адалдықты дамытуға, адалдық мәдениетін қалыптастыруға, ашықтық, академиялық этика және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған бастамалары мен тәжірибелері таныстырылды.
Отырыс барысында Басқарма Төрағасы – Ректорының м.а. Д.А. Қунанбаева презентация жасап, Ablaikhan University-дің білім беру сапасын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізу, академиялық мәдениетті дамыту және тұрақты әрі әділ білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы тәжірибесін таныстырды.
Участие делегации Ablaikhan University в Ежегодном форуме Лиги академической честности «Building Trust in Higher Education»
26 мая 2026 года делегация Ablai Khan University во главе с и.о. Председателя Правления — Ректора Д.А. Кунанбаевой приняла участие в ежегодном форуме Лиги академической честности «Building Trust in Higher Education», который прошёл на базе SDU. В 2026 году форум объединил представителей более 45 организаций высшего и послевузовского образования Республики Казахстан и стал важной площадкой для обсуждения актуальных вопросов академической честности в условиях цифровизации и активного внедрения искусственного интеллекта.
В рамках форума участники обменялись лучшими практиками, рассмотрели современные подходы к формированию прозрачной, справедливой и устойчивой образовательной среды, а также обсудили механизмы укрепления доверия в системе высшего образования. Программа мероприятия состояла из двух частей. В первой части прошла панельная сессия, в ходе которой члены Лиги академической честности поделились результатами работы и практическим опытом. Также состоялись церемония награждения экспертов ЛАЧ, фотосессия и кампус-тур.
В рамках заседания Совета Лиги академической честности были рассмотрены заявки организаций высшего образования на вступление в ЛАЧ, в числе которых был и AblaiKhan University. и.о. Председателя Правления — Ректора Д.А. Кунанбаева выступила с презентацией, в которой представила опыт AblaiKhan University по внедрению современных подходов к обеспечению качества образования, развитию академической культуры и созданию устойчивой и справедливой образовательной среды.
Участие Ablaikhan University в форуме стало важным шагом в укреплении профессионального взаимодействия с ведущими вузами страны, продвижении принципов академической честности и расширении возможностей для внедрения передовых образовательных практик. Подобные инициативы способствуют дальнейшему развитию культуры добропорядочности, повышению доверия к системе высшего образования и укреплению репутации AblaiKhan University как современного и ответственного образовательного учреждения.
, @подписчики
26/05/2026
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінің студенттері республикалық пәндік олимпиадада үздіктер қатарында
2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті базасында «6B01705 — Шетел тілі: екі шетел тілі» (француз және неміс тілдері) білім беру бағдарламалары бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Педагогикалық шетел тілдері факультетінің студенттері университет намысын абыроймен қорғап, тілдік дайындықтың жоғары деңгейін, кәсіби құзыреттіліктері мен шетел тілдерін меңгеру шеберлігін көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер:
- Амангелді Жанел (француз тілі) — I орын. Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Бесирова Н.С.
- Серикова Айзере (француз тілі) — III орын. Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Жангарбаева С.Г.
- Баянов Бекзат (неміс тілі) — III орын. Ғылыми жетекшісі: профессор Камзина Ж.З. Студенттер мен олардың ғылыми жетекшілеріне университетті республикалық деңгейде лайықты таныстырғаны үшін алғыс білдіреміз. Жеткен жетістіктеріңіз жаңа белестерді бағындыруға және кәсіби дамуға серпін берсін! Студенты ПФИЯ КазУМОиМЯ имени Абылай хана — среди лучших на Республиканской предметной олимпиаде
21–22 мая 2026 года в Карагандинском национальном исследовательском университете имени академика Е.А. Букетова состоялась XVIII Республиканская предметная студенческая олимпиада по образовательным программам «6B01705 — Иностранный язык: два иностранных языка» (французский и немецкий языки).
Студенты Педагогического факультета иностранных языков Казахского университета международных отношений и мировых языков имени Абылай хана достойно представили университет, продемонстрировав высокий уровень языковой подготовки, профессиональных компетенций и владения иностранными языками. По итогам олимпиады призовые места заняли: - Амангелді Жанел (французский язык) — I место. Научный руководитель: магистр педагогических наук, старший преподаватель Бесирова Н.С. - Серикова Айзере (французский язык) — III место. Научный руководитель: магистр педагогических наук, старший преподаватель Жангарбаева С.Г. - Баянов Бекзат (немецкий язык) — III место. Научный руководитель: профессор Камзина Ж.З. Выражаем благодарность студентам и их научным руководителям за достойное представление университета на республиканском уровне. Пусть достигнутые результаты станут стимулом для новых побед и дальнейшего развития.
26/05/2026
Ablai Khan University студенттері Jas Gala 2026 қалалық көктемгі шығармашылық фестивалінде жүлделі номинацияларды иеленді
Алматы қаласында жастар шығармашылығын қолдауға бағытталған дәстүрлі Jas Gala 2026 қалалық көктемгі шығармашылық фестивалі өтті. Ауқымды фестиваль талантты студент жастардың басын қосып, олардың өнер, музыка, медиа және шығармашылық индустриялар саласындағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Фестиваль аясында Ablai Khan University студенттері университет намысын жоғары деңгейде қорғап, жүлделі номинациялардың иегерлері атанды 🎉
ХҚФ 1-курс магистранты Әбжәмиев Айбек музыкалық аспапта орындау бағыты бойынша өнер көрсетіп, өзінің таланты мен шығармашылық шеберлігі үшін «Жас Дарын» номинациясын иеленді.
ШТПФ 1 жеделдетілген курс студенті Оспан Ақерке мобилография бағыты бойынша қатысып, креативті көзқарасы мен сапалы видеомонтаж жұмысы үшін «Үздік монтаж» номинациясымен марапатталды.
Жеңімпаздар дипломдармен, арнайы марапаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ablai Khan University студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтады және оларды шын жүректен құттықтайды! Осындай жеңістер — жастардың шығармашылық ізденісі мен еңбегінің нәтижесі. Сіздерге толағай табыс, шығармашылық шабыт, жаңа жобалар мен биік белестер тілейміз! Студенты Ablai Khan University стали обладателями призовых номинаций на городском весеннем творческом фестивале Jas Gala 2026
В Алматы прошел традиционный городской весенний творческий фестиваль Jas Gala 2026, направленный на поддержку молодежного творчества. Масштабный фестиваль объединил талантливых студентов, предоставив им возможность развивать свои способности в сферах искусства, музыки, медиа и креативных индустрий.
В рамках фестиваля студенты Ablai Khan University достойно представили университет и стали обладателями престижных номинаций 🎉
Магистрант 1 курса ФМО Әбжәмиев Айбек выступил в направлении игры на музыкальных инструментах и за свой талант и творческое мастерство был удостоен номинации «Юный талант».
Студентка 1 ускоренного курса ПФИЯ Оспан Ақерке приняла участие в направлении мобилографии и была награждена номинацией «Лучший монтаж» за креативный подход и качественную работу по видеомонтажу.
Победители были награждены дипломами, специальными наградами и памятными подарками.
Ablai Khan University гордится достижениями наших студентов и искренне поздравляет их! Такие победы — результат творческого поиска, таланта и упорного труда молодежи. Желаем вам больших успехов, творческого вдохновения, новых проектов и покорения новых вершин!
26/05/2026
«Be Honest — Be You» университетішілік челленджі
2026 жылғы 25 мамырда Ablai Khan University-де «Таза сессия» акциясы аясында «Be Honest — Be You» университетішілік челленджі өтті. Шара академиялық адалдық қағидаттарын насихаттауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ашық диалог барысында сенім мен әділдік мәдениеті сапалы білімнің негізі ретінде талқыланды.
Кездесу спикерлері — проректор Т.В. Серёжкина және комплаенс-офицер М.Т. Ибрагимова — академиялық этиканы сақтаудың, көшіру мен плагиатқа жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.
Жиында парасаттылық ұғымы екі тарапқа қатысты түсіндірілді:
• Студент үшін: тапсырмаларды адал орындау, білімді өз бетінше бағалау және өз оқуына жауапкершілікпен қарау.
• Оқытушы үшін: бағалаудағы объективтілік, кәсіби этика және ашық әрі сенімді орта қалыптастыру.
Челлендж қатысушылары бұл құндылықтардың болашақ кәсіби қызметте де маңызды екенін қолдады. Мұндай шаралар университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамытуға және жауапты студенттік қауымдастық құруға ықпал етеді.
Внутриуниверситетский челлендж «Be Honest — Be You»
25 мая 2026 года в Ablai Khan University в рамках акции «Чистая сессия» прошел внутриуниверситетский челлендж «Be Honest — Be You». Мероприятие направлено на популяризацию принципов академической честности и формирование культуры нулевой терпимости к коррупции. В формате открытого диалога участники обсудили доверие и справедливость как основу качественного образования.
Спикеры встречи — проректор Т.В. Серёжкина и комплаенс-офицер М.Т. Ибрагимова — подчеркнули важность соблюдения академической этики, недопущения списывания и плагиата.
Понятие добропорядочности на встрече разделили для обеих сторон:
• Для студента: честное выполнение заданий, самостоятельная подготовка и ответственность за свое обучение.
• Для преподавателя: объективность оценивания, профессиональная этика и создание прозрачной среды.
Участники челленджа согласились, что честность и ответственность важны не только в учебе, но и в будущей карьере. Подобные мероприятия укрепляют антикоррупционное сознание в вузе и формируют ответственное студенческое сообщество.
25/05/2026
Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттері арасындағы «Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауының республикалық кезеңінің қорытындылары
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қытай тілі мен мәдениетін меңгеріп жүрген дарынды студенттердің басын қосқан «Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауының республикалық кезеңі өтті. Беделді зияткерлік байқау қорытындысы бойынша Университетіміздің шығыстану факультеті шығыс тілдері аударма кафедрасының білім алушылары жоғары тілдік дайындық деңгейін, шешендік шеберлігін және қытай мәдениетін терең меңгергендігін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қатысушылардың сенімді өнер көрсетуі, қытай тілін еркін меңгеруі және шығармашылық көзқарасы қазылар алқасы мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.
Тимофеев Станислав – І орын
Желдербаева Гаухаржан – ІІ орын
Хамза Томирис – VII орын
І орын иегері Тимофеев Станислав Бейжің қаласында өтетін «Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздарды, қатысушыларды және олардың жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жеңістер және халықаралық деңгейдегі биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз! Студенттердің әрбір жетістігінің артында оқытушылардың қажырлы еңбегі тұр. Қатысушыларды дайындау Шығыс тілдері аударма кафедрасының оқытушылары мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Конфуций институтының жетекшілерімен бірлесіп жүзеге асырылды. Олардың кәсібилігі, жүйелі дайындығы және студенттерге көрсеткен қолдауының нәтижесінде республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.
Келесі оқытушылар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз: Турсынали Жазира, Езмахунова Арзыгүл Розахунқызы, Ашимбаева Асем Қуатбекқызы Ху Хунъюй.
В Актюбинском региональном университете имени К. Жубанова состоялся республиканский этап международного конкурса «Мост китайского языка», объединивший талантливых студентов, изучающих китайский язык и культуру. По итогам престижного интеллектуального состязания блестящих результатов добились обучающиеся кафедры перевода восточных языков факультета востоковедения нашего университета, продемонстрировав высокий уровень языковой подготовки, ораторского мастерства и глубокое знание китайской культуры. Их уверенные выступления, высокий уровень владения китайским языком и творческий подход получили высокую оценку жюри и зрителей.
Тимофеев Станислав - І место
Желдербаева Гаухаржан - ІІ место
Хамза Томирис - VII место
Обладатель І места Тимофеев Станислав будет представлять Казахстан на международном конкурсе «Китайский мост» в г.Пекин. За каждым успехом студентов стоит большая работа преподавателей. Подготовка участников велась преподавателями кафедры перевода восточных языков совместно с наставниками Института Конфуция при КазУМОиМЯ имени Абылай хана. Благодаря их профессионализму, системной подготовке и поддержке студентов удалось добиться высоких результатов на республиканском уровне.
Благодарим следующих преподавателей и наставников: Турсынали Жазира, Езмахунова Арзигуль Розахуновна, Ашимбаева Асем Куатбековна, Ху Хунъюй.
Поздравляем победителей, участников и их наставников с заслуженным успехом и желаем дальнейших достижений, новых побед и покорения международных вершин!
21/05/2026
Алтын Орда жылнамасы – адамзатқа ортақ тарих
Үстіміздегі жылдың 19 мамырында Астанада өткізілген «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум еліміз өміріндегі маңызды оқиға болды.
Симпозиумның мақсаты – Қазақстан Республикасын Алтын Орда мұрасын зерттейтін жетекші халықаралық орталық ретінде таныту, сондай-ақ Жошы ұлысының саяси, экономикалық, мәдени және рухани мұрасын кешенді талдау арқылы Орталық Еуразия өркениеттерін зерттеу саласындағы елдің ғылыми әлеуетін көрсету және оның Еуразиядағы қазіргі интеграциялық үдерістер үшін маңызын айқындау.
Бұл ғылыми форумның басты мәні Алтын Орданы тек ортағасырлық мемлекет ретінде ғана емес, Еуразиядағы мәдени, саяси және экономикалық байланыстарды қалыптастырған ірі өркениет кеңістігі ретінде қарастыру. Жошы ұлысының тарихы дала мен қала мәдениетінің, сауда жолдары мен дипломатиялық байланыстардың, түрлі діндер мен тілдердің өзара ықпалдастығын көрсетеді.
Осы алқалы жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев симпозиумның ЮНЕСКО сияқты беделді жаһандық ұйым аясында өтуін Алтын Орда мұрасының әлемдік ауқымдағы мән-мағынасы зор екенін ерекше атап көрсетіп, Алтын Орданың экономикалық құрылымын жан-жақты зерттеуді ұсынды.
Мемлекет басшысы Алтын Орданың тарихын тек әскери-саяси тұрғыдан бағалаудан аулақ болып, оның рөлін жаңаша пайымдау керек екенін айтты, симпозиум Алтын Орда мен Ұлы дала тарихын зерделейтін түрлі мектеп өкілдерінің басын қосып отырғанына, бұл – өте маңызды мәселе екендігіне назар аударды.
«Түптеп келгенде, Алтын Орда жылнамасы – адамзатқа ортақ тарих. Бүгін өтіп жатқан бірегей симпозиум әлемдік ауқымдағы мұраны жүйелі зерттеу жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп сенемін. Осы жерде отырған ғалымдар мен сарапшылар бұл міндетті іске асыруға елеулі үлес қосуда. Бұл маңызды жұмыста сіздер оң нәтижеге қол жеткізесіздер деп сенемін» деп айта келіп, Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі, сан салалы кезеңі ретінде қарастыратынына тоқталды.
Алтын Орда тұжырымдамасы ұлттық тарихқа еніп, қайта жаңғыра бастады. Сонау XIX ғасырда Шоқан Уәлихановтың өзі Алтын Орда тарихымыздың бір бөлшегі екенін айтқан. Кеңес дәуірінде идеологиялық себептерге байланысты бұдан бас тарттық. Енді міне Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда феноменін мыңдаған жыл бойы Еуразия жүрегінде қалыптасқан бай интеллектуалдық кеңістіктен бөліп қарай алмайтынымызды, орта ғасырларда Ұлы дала озық идеяларды ұсынған әлемдік орталықтардың біріне айналғаны мәлім екенін сөз етті.
Алтын Орда – тек өткеннің тарихы емес. Бұл – Ұлы дала өркениетінің жаһандық деңгейдегі тарихи ізі, мемлекет құру мәдениеті мен Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік ықпалдың символы. Президентіміз ұлттық тарихты терең зерделеу – болашақ сананы қалыптастырудың негізі екенін бірнеше рет атап өтті.
Алтын Орда – Қазақ хандығының тарихи бастауы. Дәл осы кезеңде түркі-мұсылман өркениетінің негізі қаланып, мемлекет басқару жүйесі, сауда, дипломатия, мәдениет пен ғылым дамыды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері мен ұғымдарында да сол дәуірдің ізі сақталған. Мәселен, «Ақ Орда» атауы Жошы Ұлысы билеушілерінің ордасымен тарихи сабақтас болса, ұлттық валютамыз – «теңге» атауы Алтын Орда дәуіріндегі ақша айналымынан бастау алады.
Президенттің пайымдауынша, тарихи білім мен мұра ең алдымен халықтардың арасын жақындататын алтын көпір қызметін атқарып, әділетті әрі қауіпсіз әлем құруға тікелей ықпал етуі тиіс. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда мемлекетінің өз заманындағы өзге көптеген елдермен салыстырғанда, өзінің даму жолында стратегиялық ашықтық қағидатына өте берік болғанына ерекше назар аудартты. Осы ретте ортақ тарихи мұраны зерделеуде ғылыми қауымдастықтың рөлі айрықша екенін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституцияда Ұлы дала сабақтастығын сақтау қастерлі парыз ретінде нақты көрсетілгенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстан мемлекет ісінде «Мәңгілік ел» идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагері болып саналады.
Мемлекет басшысы К.Тоқаев қатысқан симпозиум тарихқа жаңа салмақ берді. Бұл ретте Алтын Орданың тарихы бізге бір маңызды ақиқатты еске салады: мемлекеттің шынайы күші – әртүрлі мәдениеттер мен халықтарды ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіре алуында.
Симпозиум қорытындысында қабылданған Астана декларациясы тарихи мұраны сақтау, ғылыми ынтымақтастықты дамыту және өркениетаралық диалогты нығайту бағытындағы маңызды халықаралық құжатқа айналары сөзсіз. Президент бұл құжаттың Алтын Орданың тарихы мен оның бай мұрасын зерттеу, насихаттау бағытындағы кешенді жұмыстарға жаңа және тың серпін беретінін атап өтті.
Президенттің сөзінше, түрлі ел ғалымдарын тоғыстырған симпозиум Ұлы дала тарихын терең зерделеуге тың жігер беріп, адамзатқа ортақ тарихи мұраны жүйелі зерттеуге жол ашады.
Ұлы дала тарихын зерттеу – өткенді ғана тану емес. Бұл – болашақтың рухани іргетасын қалыптастырып, тарихи жадымызды жаңғыртуға, ұлттық сананы күшейтуге мүмкіндік беретін тағылымды белес.
Нұргүл Жанақова,
Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры,
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті
20/05/2026
Отбасы — қоғам тірегі: университетте отбасылық құндылықтарға арналған кураторлық сағаттар өтті
Жыл сайын 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық отбасы күні аясында, сондай-ақ 2026 жылы 13 қыркүйекте тойланатын Қазақстан Республикасындағы ұлттық Отбасы күні қарсаңында университетте «Қазіргі қазақстандық қоғам мен әлемдегі отбасы құндылығы» тақырыбында кураторлық сағаттар ұйымдастырылды.
Шаралар барлық факультеттердің 1–3 курс студенттерінің қатысуымен онлайн және офлайн форматта өтті. Олар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруге және қазіргі қоғамдағы отбасы институтының маңызын арттыруға бағытталды.
Кураторлық сағаттар барысында кураторлар студенттермен бірге үш маңызды мәселені қарастырды:
Неліктен отбасы адам үшін басты құндылық болып қала береді.
Цифрлық әлем адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер етеді.
Қазіргі жастар отбасының болашағын қалай елестетеді.
Талқылау аясында ұрпақтар арасындағы өзара түсіністікке, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, отбасылық қарым-қатынастағы қолдау мен сенімнің рөліне ерекше назар аударылды.
Кураторлар технологияның қарқынды дамуы мен өмір салтының өзгеруіне қарамастан, отбасы әрбір адам үшін қоғамның маңызды негізі, моральдық қолдаудың, тұрақтылық пен өмірлік бағдардың көзі болып қала беретінін атап өтті.
Кездесулер кезінде студенттердің барлығы дерлік туған-туыстары мен жақындары тарапынан материалдық және психологиялық қолдауды сезінетіні айтылды. Бұл оларға сенімді түрде білім алуға, дамуға және өз болашағын құруға көмектеседі. Отбасының қолдауы жастар үшін маңызды мотивацияға айналып, тұлғалық өсу мен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Студенттер талқылауға белсене қатысып, өз көзқарастарымен, отбасылық дәстүрлерімен және қазіргі әлемдегі отбасының рөлі туралы ойларымен бөлісті. Кездесулердің жылы әрі сенімді жағдайы әрбір қатысушыға отбасылық құндылықтардың маңызы мен ұрпақтар арасындағы байланысты сақтаудың қажеттілігі туралы ойлануға мүмкіндік берді.
Халықаралық отбасы күні де, Қазақстандағы ұлттық Отбасы күні де отбасы институтын нығайтуға, некені қолдауға және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтауға бағытталғанын атап өткен жөн. Ұлттық мереке Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген және жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.
Мұндай кураторлық сағаттарды өткізу отбасына деген құрметті сезімді тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтуға және жастардың әр адамның өміріндегі отбасының маңызды рөлін түсінуін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Семья — опора общества: в университете прошли кураторские часы, посвящённые семейным ценностям
В рамках празднования Международного дня семьи, который ежегодно отмечается 15 мая, а также в преддверии национального Дня семьи в Республике Казахстан, который в 2026 году будет отмечаться 13 сентября, в университете были организованы кураторские часы на тему: «Ценность семьи в современном казахстанском обществе и мире».
Мероприятия прошли в онлайн и оффлайн форматах с участием студентов 1–3 курсов всех факультетов и были направлены на укрепление семейных ценностей, развитие духовно-нравственного воспитания молодежи и повышение значимости института семьи в современном обществе.
В ходе кураторских часов кураторы вместе со студентами рассмотрели три важных вопроса: почему семья остается главной ценностью для человека, как цифровой мир влияет на отношения между людьми и каким современная молодежь видит будущее семьи. В рамках обсуждений особое внимание уделялось вопросам взаимопонимания между поколениями, сохранения семейных традиций, роли поддержки и доверия в семейных отношениях.
Кураторы подчеркнули, что, несмотря на стремительное развитие технологий и изменение образа жизни, семья продолжает оставаться важнейшей основой общества, источником моральной поддержки, стабильности и жизненных ориентиров для каждого человека.
Во время встреч было отмечено, что практически все студенты ощущают материальную и психологическую поддержку со стороны родных и близких, что помогает им уверенно получать образование, развиваться и строить своё будущее. Поддержка семьи становится важной мотивацией для молодежи, способствует личностному росту и формированию ответственности.
Студенты активно участвовали в обсуждениях, делились своими взглядами, семейными традициями и размышлениями о роли семьи в современном мире. Тёплая и доверительная атмосфера встреч позволила каждому участнику задуматься о значимости семейных ценностей и важности сохранения связи между поколениями.
Следует отметить, что как Международный день семьи, так и национальный День семьи в Казахстане направлены на укрепление института семьи, поддержку брака и сохранение духовно-нравственных ценностей общества. Национальный праздник был учреждён Указом Президента Республики Казахстан и ежегодно отмечается во второе воскресенье сентября.
Проведение подобных кураторских часов способствует воспитанию уважительного отношения к семье, укреплению общечеловеческих ценностей и формированию у молодежи осознания важной роли семьи в жизни каждого человека.