17/06/2026
Құрметті талапкерлер!
Шұғыл хабарлама!
Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш беру мерзімі ағымдағы жылдың 22 маусымынан басталады!
Өтініш қабылдау мекен-жайы: Жәңгір хан көшесі, 51
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 2-корпус
Тел. (7112) 50-21-42, 50-24-01
WhatsApp +7 775 987 47 27
Уважаемые абитуриенты!
Срочная новость!
Подача заявлений на участие в творческих экзаменах начнется с 22 июня текущего года!
Адрес приема заявлений: ул. Жангир хана, 51
ЗКАТУ им. Жангир хана, 2 корпус
Тел. (7112) 50-21-42, 50-24-01
WhatsApp +7 77 987 47 27
17/06/2026
Түркістан қаласында өтiп жатқан VIII Халық ойындарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Бекжан Ғалымжан қазақ күресiнен 74 келі салмақ дәрежесiнде күміс жүлде иеленді.
Бекжан Ғалымжан – «дене шынықтыру және спорт» мамандығының ІІ курс студенті. Айта өтейік, бұған дейін ол ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогында қола жүлдегер атанған еді.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, қазір өтіп жатқан VIII Халық ойындарында Батыс Қазақстан облысының қазақ күресі құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Ақжайық палуандары жалпыкомандалық есепте чемпион атанды.
16/06/2026
*«Технологиялар. Инвестициялар. Серіктестік: экономиканың жаңа өсу нүктелері» тақырыбында өтетін ғылыми-технологиялық семинарға шақырамыз!*
*Семинардың мақсаты* – ғылым, бизнес және мемлекеттік сектор арасындағы тиімді өзара іс-қимылды күшейту, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу, технологияларды коммерцияландыру, инвестициялар тарту және өңір экономикасының жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру.
*Ұйымдастырушылар:* Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
*Өтетін күні:* 2026 жылғы 17 маусым
*Өтетін уақыты:* сағат 15:00-де
*Zoom конференциясына қосылу сілтемесі:* https://us06web.zoom.us/j/83368603136?pwd=5F8GiIx2OteMjoDHuj5iZUSUnUrq3Y.1
*Конференция чатына сілтеме:* https://us06web.zoom.us/launch/jc/83368603136
*Конференция идентификаторы:* 833 6860 3136
*Қолжетімділік коды:* 049232
16/06/2026
Сіздерді 2026 жылғы 17 маусым күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өтетін «Технологиялар. Инвестициялар. Серіктестік: экономиканың жаңа өсу нүктелері» тақырыбындағы ғылыми-технологиялық семинарға қатысуға шақырамыз!
Өтетін орны: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 4-ші оқу корпусы (Ветеринария институты)
Уақыты: 14:00