21/09/2024
Абай облысының әкімдігі және "KAZ-Minerals Demeu" корпоративтік қоры жасаған меморандум аясында қаланың сол жағалауында ("Заря" ауданы) 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді, 2024 жылғы 21 қыркүйекте облыс әкімінің қатысуымен №50 IT-мектеп-лицейінің ресми ашылу салтанаты өтеді.
2024 жылғы 1 қазаннан бастап «Заря» мөлтекауданындағы №50 IT-мектеп-лицейі оқушыларды қабылдай бастайды.
№50 IT-мектеп-лицейі – аралас тілде оқытатын мектеп. Мектеп-лицей миссиясы - «Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өзгерістерге бейім, сауатты, ІТ – құзыретті, адал ұрпақ тәрбиелеу».
Білім алушыларды мектепке қабылдау Оқу-ағарту министрлігінің оқуға қабылдау ережелері арқылы жүзеге асырылады.
№50 IT-мектеп-лицейі оқушыларға қолжетімді және сапалы білім беруге бағытталған. Жоба оқушы орындарының тапшылығын азайтуға бағытталған.
№50 IT-мектеп-лицейі – 2 физика, 2 химия, 2 биология, 6 информатика, 6 мультимедиялық кабинет, графика және модельдеу кабинеті, 280 орындық акт залы, 420 орындық асхана, жетілдірілген 9 зертханасы бар 3 қабатты ғимарат. Ғимаратта шағын мобильді топқа арналған екі жеделсаты бар.
Сондай-ақ, мұғалімдер мен балаларға арналған коворкинг-аймақтар, смарт-сыныптар, шығармашылық эксперименттерге арналған 3D-принтер, робототехника кабинеттері, металл және ағаш ою шеберханалары бар.
Мектепте балаларды оқыту процесі үшін стационарлық компьютерлерден бөлек ноутбуктер де қарастырылған.
Екі спорт залы, ауладағы бірнеше алаң балаларға футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Work-out аймағы да бар.
№50 IT-мектеп-лицейіне мұғалімдерді іріктеу конкурс арқылы жүргізілді. Конкурстық іріктеудің нәтижесінде үздік 88 мұғалім қабылданды.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды: мектепте бейнебақылау камераларымен толық қамтылған (200 дана). Камера «көрмейтін» аймақтар жоқ. Мектепке кіру және шығу турникеттермен басқарылады. Күзет пункттері ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп нысаны антитеррористік қорғау құрамына енгізілген.
В рамках меморандума, заключенного акиматом области Абай и корпоративным фондом "KAZ-Minerals Demeu", на левом берегу города (район"Заря") завершено строительство и введено в эксплуатацию школа на 1200 мест.
21 сентября 2024 года состоится официальное открытие IT-школы-лицея №50 с участием акима области Абай. С 1 октября 2024 года начнет прием учащихся IT-школа-лицей №50 в микрорайоне «Заря». IT-школа-лицей №50-школа со смешанным языком обучения.
Миссия школы-лицея – «Воспитание подрастающего поколения, привитого национальными ценностями, склонного к изменениям, грамотного, ІТ-компетентного, честного".
Зачисление обучающихся в школу осуществляется через правила приема на обучение Министерства просвещения.
IT-школа-лицей №50 направлена на предоставление учащимся доступного и качественного образования. Проект направлен на сокращение дефицита ученических мест.
IT-школа-лицей № 50 - 3-этажное здание с 2 физикой, 2 химией, 2 биологией, 6 информатикой, 6 мультимедийными кабинетами, кабинетами графики и моделирования, актовым залом на 280 мест, столовой на 420 мест, 9 лабораториями.
В здании есть два лифта для малой мобильной группы. Есть также коворкинг-зоны для учителей и детей, смарт-классы, 3D-принтеры для творческих экспериментов, кабинеты робототехники, мастерские по резьбе по металлу и дереву.
Для процесса обучения детей в школе помимо стационарных компьютеров предусмотрены ноутбуки.
Два спортивных зала, несколько площадок на заднем дворе позволяют детям заниматься футболом, волейболом, баскетболом и другими видами спорта. Также есть зона Work-out.
Отбор учителей в IT-школу-лицей №50 проводился посредством конкурса. В результате конкурсного отбора было принято 88 лучших учителей.
Особое внимание было уделено безопасности детей: школа полностью укомплектована камерами видеонаблюдения (200 шт.). Вход и выход из школы контролируются турникетами. Организованы пункты охраны. Также школа включена в состав антитеррористической защиты.