auezov_postgraduate

auezov_postgraduate

Share

магистратура и докторантура

Photos from auezov_postgraduate's post 28/05/2026

2026 жылдың 26 мамырында ASIIN халықаралық аккредиттеуге дайындық бойынша білім беру бағдарламаларының магистранттарымен кездесу өткізілді.
ASIIN-беделді тәуелсіз неміс аккредиттеу агенттігі. Ол инженерия, информатика, жаратылыстану және математика саласындағы білім беру бағдарламаларын бағалауға маманданған.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты-білім алушыларды ЖОО-ның Академиялық саясатымен, оқытудың кредиттік технологиясының ережелерімен және ғылыми зерттеулер жүргізудің ерекшеліктерімен таныстыру.
Кездесуде талқыланған негізгі мәселелер:
* Жеке оқу жоспары (ЖОЖ): білім алушыларға элективті пәндерді өз бетінше таңдау және олардың білім беру траекториясын қалыптастыру тәртібі түсіндіріледі.
* Академиялық күнтізбе: Теориялық оқыту, емтихан сессиялары, демалыс және Модульдер мерзімі.
* Ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ) және практика: педагогикалық немесе өндірістік практикадан өту тәртібі, сондай-ақ магистрлік диссертацияны дайындау және жазу ережелері.
* Бағалау жүйесі: емтихан тапсыру, академиялық кредиттерді есептеу ережелері.
* Ішкі тәртіп ережелері: академиялық адалдықты, сабаққа қатысу ережелерін және университеттің корпоративтік этика кодексін сақтау.

Photos from auezov_postgraduate's post 22/05/2026

М.Әуезов атындағы ОҚУ ЖООКББ институтының 7М04173-Іскерлік әкімшілендіру ЕМВА білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік бағытта (1 жыл) білім алған магистранттар 2026 жылдың 5 мамыр күні академиялық дәреже алу үшін магистрлік жобаларын қорғады!

Photos from auezov_postgraduate's post 21/05/2026

Құрметті үміткерлер, университеттердің бітіруші түлектері магистратураға түсу үшін 1 маусымнан 8 шілде аралығында testcenter.kz сайты арқылы ҰТО/НЦТ-Ұлттық тестілеу орталығына тіркеліп өтініш білдіре аласыздар!
Қосымша ақпараттар алғыларыңыз келсе М.Әуезов атындағы ОҚУ қабылдау комиссиясына келіп мәлімет алуларыңызға болады! Мекен-жайымыз: Тәуке хан 5, В ғимараты 206, 208, 210 кабинет!

Photos from auezov_postgraduate's post 18/05/2026

М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң “Заң” факультетінің бітіруші 4 курс студенттерімен магистратураға түсу үшін, кәсіби бағдар түсіндіру жұмыстарын жүргізу! ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ!

Photos from auezov_postgraduate's post 14/05/2026

М.Әуезов атындағы ОҚУ, “Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру” институтының мамандары 2025-2026 оқу жылына магистратураға түсуге оқу шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді!
Құрметті үміткерлер, университеттердің бітіруші түлектері магистратураға түсу үшін 1 маусымнан 8 шілде аралығында Testcenter.kz сілтемесі арқылы жеке поштаңызбен құжаттарыңызды тіркеу арқылы жүзеге асырылатынын ескертеміз!
Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебінің 4-курс студенттеріне магистратураға түсу үшін нұсқау жүргізілді.
Қосымша ақпараттар алғыларыңыз келсе М.Әуезов атындағы ОҚУ қабылдау комиссиясына келіп мәлімет алуларыңызға болады! Мекен-жайымыз: Тәуке хан 5, В ғимараты 206, 208, 210 кабинет!

Photos from auezov_postgraduate's post 14/05/2026

М.Әуезов атындағы ОҚУ “Химиялық инженерия және биотехнология” жоғары мектебіне 14.05.2026 ж кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында, “Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру” институтының мамандары магистратураға түсу үшін 6В07270-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасының бітіруші студенттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді!
Қосымша ақпараттар алғыларыңыз келсе М.Әуезов атындағы ОҚУ қабылдау комиссиясына келіп мәлімет алуларыңызға болады! Мекен-жайымыз: Тәуке хан 5, В ғимараты 206, 208, 210 кабинет!

31/03/2026

🎓 Типичные вопросы на защите PhD в Казахстане

Комиссия задаёт примерно одни и те же вопросы. Уже 10 лет.
Но большинство докторантов узнают об этом за сутки до защиты 😅

Собрали реальные вопросы с казахстанских PhD-защит и разобрали, как отвечать уверенно:

📌 О теме и новизне
— Почему тема актуальна именно сейчас?
— В чём научная новизна?
— За что вам должны присудить PhD?

🔬 О методологии
— Почему именно эти методы?
— Как обеспечивалась достоверность?
— Какие недостатки у вашей методологии?

📊 О результатах
— Что является главным результатом?
— Какие ограничения у исследования?
— Что бы сделали иначе?

📄 О публикациях
— Какой процентиль у ваших журналов Scopus?
— Соответствуют ли статьи требованиям КОКСНВО МНВО РК?
— Каков практический эффект от вашей работы?

———

Не уверены, засчитают ли ваши журналы на комиссии?

Спросите Qalam AI - первого AI-помощника докторанта в Казахстане 🤖
Проверит журнал Scopus на риски, разберёт требования КОКСНВО и ответит в любое время суток.

Photos from auezov_postgraduate's post 17/07/2025

2025 жылдың 17 шілдесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында оқу жылының айтулы оқиғаларының бірі – магистратураның түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Іс-шара жас мамандардың өміріндегі маңызды кезеңнің аяқталуын атап өту үшін түлектерді, мұғалімдерді, ата-аналарды және қонақтарды біріктірді. Университетімізде 66 білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, сол алған білімдерімен үлкен ғылым жолына аяқ басқан магистрлерімізге сәттілік тілейміз.
Салтанатты шара түлектер мен шақырылған әртістер дайындаған музыкалық-шығармашылық қойылымдармен әсерлендіріле түсті. Іс-шара дәстүрлі фотосессиямен және мерекелік атмосферада бейресми қарым-қатынаспен аяқталды.
Іс-шара барысында университетіміздің басшылық құрамы, магистранттардың ата-аналары, туған-туыстары, жора-жолдастары қатысты. Университетіміздің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Е.Имангалиев сөз алып, ғылым жолында талмай еңбек етулерін, еліміздің ғылым саласына үлес қосатынына сенім білдірді.
ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ ІС-ШАРАСЫ ҰЗАҚ ЖОЛДЫҢ ЖАРҚЫН ФИНАЛЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ШАБЫТТАНДЫРАТЫН БАСТАМА БОЛДЫ. ТҮЛЕКТЕРДІ ЛАЙЫҚТЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАП, КӘСІБИ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ӨМІРІНДЕ ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ!

30/06/2025

Философия докторы дәрежесін тағайындау

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 26 мамырындағы №851 бұйрығымен Курганбеков Жангелди Нурумбетовичке 6D060800-Экология мамандығы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
Диссертация тақырыбы: Түркістан облысы аймағында көкөністерді өсіруде топырақ-өсімдік жүйесіндегі ауыр металдардың миграциялануын және трансформациялануын зерттеу.

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Утебаев Аспандияр Абдразакович.

Photos from auezov_postgraduate's post 29/05/2025

Философия докторы дәрежесін тағайындау

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Диссертациялық кеңесінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №594-п бұйрығымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының бас маманы Туребеков Рауан Жалғасбекұлына 6D070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.
Диссертация тақырыбы: Бейнелердегі регуляр текстураларды Радон түрлендіруі көмегімен модельдеу.
Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., профессор Султанов Мурат Абдукадырович.

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Tauke Khan, 5
Shymkent
160012