🛑 Денсаулық — ұялатын тақырып емес!
Бүгін 9 “Тұлпар” сыныбы өте маңызды, бірақ қоғамда көп адам ашық талқылаудан тартынатын мәселені көтеріп отыр. Бұл — жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар (ЖЖБА).
🦠 Бұл қандай аурулар?
Бұған хламидиоз, гонорея, сифилис, гепатит және АҚТҚ (ВИЧ) сияқты жиі кездесетін 30-дан астам инфекция жатады. Олар жай ғана вирус немесе бактерия емес, өмірге үлкен қауіп төндіретін дерттер.
⚠️ Ең қауіптісі неде?
Бұл аурулардың көпшілігі алғашқы кезеңде ешқандай белгі бермейді. Адам өзінің ауырып жүргенін білмей де қалуы мүмкін.
❗️ Салдары қандай?
Егер уақытында емделмесе, бұл болашақта бедеулікке, түрлі созылмалы ауруларға және денсаулықтың мүлдем нашарлауына алып келеді.
Darynmektebi
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Darynmektebi, Private School, Talgar.
🔔 25 мамыр күні мектеп қабырғасындағы ең әсерлі сәттердің бірі — Соңғы қоңырау мерекесі өтті.
Бұл күн — қуаныш пен қимастыққа толы ерекше естелік. 🤍
Оқушылар үшін жаңа белеске бастар қадам,
ал ұстаздар үшін маңдай тердің жемісі.
Ақ жол, жас түлектер! Армандарыңыз асқақ, болашақтарыңыз жарқын болсын! ✨🎓
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы мен күрделі математикалық теңдеулердің арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Бір қарағанда екі бөлек әлем сияқты, иә? 🤯
Бірақ біздің 8 «Самұрық» сыныбының кіріктірілген сабағында бәрі мүмкін болды! ✨
🦅 Сабақ барысында «Самұрықтар» Жамалдың тағдырындағы күрделі өмірлік жұмбақтар мен тығырықтан шығар жолдарды талдай отырып, математикадағы ең қиын теңдеулерді ең тиімді әрі оңтайлы тәсілмен шешуді үйренді.
Сезім мен логика, тарих пен нақты ғылым тоғысқан бұл сабақ оқушылардың шығармашылық және аналитикалық ойлауын мүлдем жаңа деңгейге көтерді! Жас зерттеушілеріміздің креативтілігіне тәнті болдық.
🎥 Сабақтың ең қызықты сәттері мен 8 «Самұрық» сыныбының белсенділігі видеода!👀
👇 Қалай ойлайсыз, мектепте осындай пәнаралық сабақтар жиі өтіп тұруы керек пе? Сабақ ұнаса, біздің оқушыларға қолдау білдіріп, пікір қалдыра кетіңіздер! 👇
“Үнсіз телефон” - біздің оқушылармен😊I
Біздің 5 «Барыс» сыныбында дәл осындай сиқырлы эксперимент өтті! Біз ағылшын тілінің классикалық әдебиеті мен орыс тілінің байлығын ұштастырып, тілдік кедергілерді жойдық. 🌍📚
Сабақта «See-Think-Wonder» стратегиясын қолданып:
🔍 See (Көреміз): Суреттерге назар аудардық.
💭 Think (Ойлаймыз): Өз ойымызды сараладық.
❓ Wonder (Сұрақ қоямыз): Ең батыл сұрақтарымызға жауап іздедік.
«What do you see?» – «Я вижу белого кролика!» 🐰
Балалар екі тілде еркін ой қорытып, сыни ойлау қабілеттерін шыңдады. Тілдер тоғысқан жерде – нағыз ғажайып басталады! ✨
🧠 Ата-аналар арасындағы нағыз тартыс: “Brain Battle” қалай өтті?
Өткен жұмада, яғни 15 мамыр күні мектебімізде ата-аналарға арналған білім, логика және тапқырлық алаңы өз мәресіне жетті! 🔥
Біздің ата-аналарымыз тек бала тәрбиесінде ғана емес, интеллектуалдық додада да алдына жан салмайтынын дәлелдеді. Ұшқыр ой, тапқыр жауаптар және ең бастысы — шынайы күлкі мен жарқын эмоциялар! Бұл жай ғана ойын емес, мектебіміз бен ата-аналар арасындағы үлкен бірліктің көрінісі болды. ✨
“Цирфлық әлемдегі қауіпсіздік: өзіңді қалай қорғау керек?” тақырыбында Талғар аудандық Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Муканов Уалихан Абусадыкұлы дәріс өткізді
Ашық сабағымыз нағыз ғарыштық саяхатқа айналды! 🚀 4-сынып оқушыларымен бірге «Ғарыш әлеміне саяхат. Сан есім» тақырыбын өттік.
Сабақ барысында:
• Сан есімдерді ажыратып, оларды сөйлем ішінде дұрыс қолдануды үйрендік.
• Мәтінмен жұмыс істеп, ғарыш туралы сұрақтарға жауап іздедік.
• Қазақ тілі, жаратылыстану және математика пәндерін ұштастыра отырып, білімімізді тереңдеттік.
Оқушылар Құс жолы, кометалар мен астероидтар әлеміне сапар шегіп, ғарышкерлерше тапсырма орындады 🪐✨.
06/08/2025
Жарқын болашаққа бастар ұтымды сәттен қапы қалмаңыз!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Talgar