Логопед:Сыдық Мөлдір Әбуталіпқызы
Тақырыбы:🌊 Су асты әлемі
🎯 Мақсаты:
• Сөздік қорын дамыту
• Дыбысты дұрыс айту
• Байланыстырып сөйлеу
• Тіл дамыту
• Зейін мен есте сақтауды арттыру 🐠🪸
Qamqorlyq Taraz
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Qamqorlyq Taraz, Education, Taraz.
1 маусым — Балаларды қорғау күні құтты болсын! 🌈👧👦
Балалар — біздің бақытымыз, қуанышымыз және болашағымыз. Әрбір бала мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, бақытты балалық шақ кешсін. Барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттық, қуаныш және армандарының орындалуын тілейміз!
Мереке құтты болсын! 💐
Бүгін орталықтың психолог мамандары:
Кудабаева Л
Умбеталиева А
ата-аналарға арналған тренинг өткізді 🌿
Тренинг барысында бала тәрбиесі, отбасындағы эмоционалдық қолдау және ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту тақырыптары талқыланды.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Осындай кездесулер ата-аналардың баласын жақсырақ түсінуіне және отбасында жылы атмосфера қалыптастыруына көмектеседі 💛
Құрметті Отан қорғаушылар!
7 мамыр — ерлік пен батырлықтың, елге деген адал қызметтің мерекесі.
Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін еңбек етіп жүрген барша азаматтарға алғыс айтамыз.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын, күш-қуат пен абырой тілейміз!
Еліміз тыныш, көк туымыз биікте желбірей берсін! 🇰🇿
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні құтты болсын! ✨
🌿1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні 🌿
Бұл күн – татулықтың, достықтың және өзара құрметтің мерекесі.
Бір шаңырақ астында бірлік пен жылулықты сезінетін ерекше күн.
Осы мереке аясында біз үшін маңызды әрі әсерлі сәт орын алды.
18 жасқа толған қызметалушы баламен қоштастық.
Бұл – оның өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы,
үлкен өмірге нық қадам басқан шағы.
Біз оған алдағы өмір жолында табыс, сенімділік және жарқын болашақ тілейміз.
Әрқашан біздің ұжымның бір бөлігі болып қала бересің.
Орталығымызда Джунгли әлемі” тақырыбындағы
ашық сабақ өткізілді.
Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып,
балалар белсенді қатысып,
өз білімдерін көрсетті!
Ашық сабақ өте қызықты өтті 💚
“Бауырсақ ертегісіне саяхат” атты ашық сабақта балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып, рөлдерге бөлініп, көрініс қойды. Сабақ барысында тіл дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру және сахна мәдениетін қалыптастыру мақсаттары орындалды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. Сабақ мазмұнды әрі қызықты өтті.
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні!
Бүгін орталықтағы балалармен бірге пайдалы әрі қызықты жаттығу өткіздік.
Балалардың белсенділігі, қуанышты жүздері бізге ерекше күш пен мотивация сыйлады 🤍
Жаттығу барысында олар тек қозғалып қана қоймай, денсаулықтың маңызын да түсінді.
Осындай сәттер бізге ең маңызды нәрсені еске салады —
балалардың дені сау, бақытты болып өсуі 🫶
✨ Барлық балаларға мықты денсаулық, жарқын болашақ тілейміз!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Taraz
080001 - 080019