Кеше мен бүгіннің арасын жалғаған тарих.
Шерхан университетінің даму жолы, жетістіктері мен бүгінгі келбеті — бір бейнероликте. 🎥✨
Университет бүгінде сапалы білім мен ғылымның маңызды орталығы ретінде дамуын жалғастыруда.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, School, Taraz.
10/06/2026
ТҮЛЕКТЕР ТОҒЫСҚАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ТҮЛЕКТЕР ТОҒЫСҚАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ Enjoy the videos and music you love, upload original content, and share it all with friends, family, and the world on YouTube.
10/06/2026
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай дөңгелек үстел өтті
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Қалдықтарды басқару: қайта өңдеу, компосттау және қалдықтарды азайту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды тиімді басқару мәселелеріне қоғам назарын аудару және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау. Жиынға экология саласының мамандары, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу, компосттау, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың заманауи тәсілдері, табиғатты қорғау мен тұрақты даму бағытындағы бастамалар талқыланды. Сонымен қатар Enactus Sherkhan командасының мүшелері экологиялық жауапкершілікті арттыруға арналған жобаларын таныстырып, жастардың қоршаған ортаны қорғаудағы белсенді рөліне тоқталды.
09/06/2026
🎓 Жылдың белсенді студенттері марапатталды
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша университетімізде Жастар ісі жөніндегі комитет пен Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жылдық есеп беру жиыны өтті.
Кездесу барысында бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстар сараланып, студенттік өмірді дамытуға бағытталған жобалар мен бастамалардың нәтижелері қорытындыланды. Университеттің қоғамдық, мәдени, ғылыми және еріктілік қызметтеріне белсене қатысқан жастардың жетістіктері ерекше аталып өтті.
Іс-шараға университет ректоры қатысып, оқу орнының қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан, белсенділігімен және жауапкершілігімен ерекшеленген студенттерді арнайы марапаттады. Үздік студенттерге алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды.
Жиын барысында студенттік ұйымдардың атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, алдағы оқу жылына арналған жаңа мақсаттар мен жоспарлар талқыланды.
Құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз артып, алар асуларыңыз биік болсын!
09/06/2026
«Асыл» параволейбол командасы жаңа жеңістерге жол ашуда
Жамбыл облысының намысын абыроймен қорғап, спорт әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан «Асыл» отырып ойнау параволейбол командасы жаңа белестерді бағындыруда.
Өткен жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысында өткен республикалық деңгейдегі дүбірлі додада команда жоғары дайындық пен ерекше қайсарлық танытып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс спортшылардың табандылығы мен бірлігінің жарқын көрінісі болды.
Бүгінде «Асыл» командасы алдағы жарыстарға дайындық жұмыстарын қарқынды түрде қайта бастап кетті. Қазіргі таңда спортшылар өз шеберліктерін заманауи талаптарға сай жабдықталған Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің спорт кешенінде шыңдауда. Команданың басты мақсаты – болашақ жарыстарда облыс намысын ғана емес, еліміздің абыройын халықаралық аренада лайықты қорғау.
Команданың жетістіктері мен спортшылардың әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар әрдайым қолдау тауып келеді. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың спортпен еркін айналысуына жағдай жасау мәселелері тұрақты назарда. Мұндай жүйелі қолдау ерекше жандардың қоғам өміріне белсенді араласып, спорт арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына зор ықпал етуде.
«Асыл» отырып ойнау параволейбол командасына алдағы жарыстарда толағай табыстар, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
07/06/2026
Шерхан университетінде алғаш рет түлектер форумы өтті
2026 жылғы 5 маусымда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің тарихында алғаш рет ұйымдастырылған «Мақсаты ортақ түлектер алаңы» атты Alumni Forum жоғары деңгейде өтті.
Ауқымды іс-шара университеттің әр жылдардағы түлектерін, білім мен ғылым саласының өкілдерін, қоғам қайраткерлерін, кәсіпкерлерді және студент жастарды бір алаңға жинап, тәжірибе алмасу мен жаңа бастамаларды талқылауға мүмкіндік берді.
Форумның ашылу салтанатында университет құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов құттықтау сөз сөйлеп, түлектердің университет дамуындағы ерекше орнына тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы құттықтауы оқылды.
Іс-шара барысында түлектер университеттің жетістіктерімен танысып, студенттік шақтағы жарқын естеліктерімен бөлісті. Университеттің алғашқы түлектерінің бірі Рахимов Мақсат Серікұлы жастарға мотивациялық кездесу өткізіп, білім мен еңбек арқылы жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі.
Форум аясында қатысушылар Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, университеттің Студенттер үйін аралап көрді. Сондай-ақ түлектер университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, жаңа жобаларымен және даму жоспарларымен танысты.
Маңызды шара барысында университеттің Эндаумент қорының құрылғаны жарияланып, түлектер қауымдастығының алдағы жұмыстары талқыланды. Бұл бастама оқу орнының тұрақты дамуына үлес қосып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
Форумда елімізге белгілі тұлғалар мен университет түлектері сөз сөйлеп, туған білім ордасына деген ыстық ықыластары мен ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу барысында түлектер арасында іскерлік байланыстар нығайып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстар ортаға салынды.
Алғаш рет ұйымдастырылған Alumni Forum университет тарихындағы маңызды оқиғалардың біріне айналып, әр жылдардағы түлектердің басын қосқан тағылымды әрі мазмұнды алаң болды. Форум нәтижесінде түлектер мен университет арасындағы байланысты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар бастамаларға негіз қаланды.
03/06/2026
Әкім Ысқақ студенттермен кездесті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде белгілі ақын, жазушы, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ студент жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қонақ өзінің өмір жолы, шығармашылық қызметі, қоғамдық жұмыстағы тәжірибесі туралы әңгімелеп, жастарға білім алудың, еңбекқорлық пен табандылықтың маңызы жөнінде ой бөлісті. Сондай-ақ студенттердің сұрақтарына жауап беріп, олардың болашақ жоспарлары мен бастамаларына сәттілік тіледі.
Еркін форматта өткен кездесуде студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік алды. Әсіресе ұлттық құндылықтар, әдебиет, жастар тәрбиесі және тұлғалық даму тақырыптары кеңінен қозғалды.
Кездесу соңында университет ұжымы құрметті қонаққа алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыстады. Мұндай тағылымды кездесулер студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, олардың рухани дамуына оң ықпал етеді.
01/06/2026
Шерхан университетінде жаңа спорт кешені ашылды: жастар спортына тың серпін
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жаңа спорт кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа нысан студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға бағытталған маңызды жоба болды.
Ашылу рәсіміне Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республикалық «Ауыл» партиясының төрағасы, Аграрлық комитет төрағасы Серік Егізбаев, Мәжіліс депутаты әрі университет құрылтайшысы Ерболат Саурықов және университет ректоры Махметғали Сарыбеков қатысты.
Салтанатты шара барысында жаңа спорт кешенінің мүмкіндіктері таныстырылып, қонақтарға экскурсия ұйымдастырылды. Кешен құрамында заманауи спорт залы, жаттығу бөлмелері және студенттердің спортпен жүйелі айналысуына қажетті барлық жағдай қарастырылған.
Іс-шарада университеттің спорт саласындағы жетістіктері де атап өтілді. Атап айтқанда, оқу орнының қолдауымен құрылған «ASYL» отырып ойнау волейбол командасы республика чемпионы атанып, параволейболдан Ұлттық кубок алғаш рет ұйымдастырылғаны айтылды. Сонымен қатар университет тарапынан «Тараз» волейбол клубына тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.
Шара соңында қатысушылар «Тараз» волейбол клубының көрсетілім ойынын тамашалады.
🎓 Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде 7М01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші магистранттар (Қытай Халық Республикасының азаматтары) диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғады.
Магистранттар ғылыми-зерттеу бағытындағы өзекті тақырыптарды қамтып, өздерінің кәсіби және ғылыми дайындық деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсетті.
Университетіміз шетелдік білім алушыларға сапалы білім беріп, халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Жас мамандарға ғылым мен кәсіби қызметте толағай табыс тілейміз! 🌍📚
25/05/2026
📚 АШЫҚ САБАҚ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің педагогика факультетінде «Әдебиеттануға кіріспе» пәні аясында «Көркем мәтінді талдауда жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында ашық практикалық сабақ өтті.
Сабақ барысында студенттер жасанды интеллекттің әдеби шығармаларды талдаудағы мүмкіндіктерін зерттеп, цифрлық технологияларды қолдану жолдарын талқылады. РЯЛ-25-2 тобының студенттері ғылыми баяндамалар жасап, нейрожелі мен адам талдауының ерекшеліктерін салыстырды.
Сонымен қатар, академиялық адалдық, авторлық құқық және ІІ-ді білім беру саласында тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды. Ашық сабақ студенттердің зерттеушілік қабілеті мен цифрлық сауаттылығының жоғары деңгейін көрсетті.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Taraz
080001 - 080019