Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! ... Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Tekeli.Sh4
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі?
05/05/2023
"Менің қауіпсіздігім" атты сынып сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, қауіпті жағдайлардан сақтана білуге үйрету, жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
05/05/2023
№4 орта мектеп кітапханасында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Шараның мақсаты: Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру; Отан үшін отқа түскен, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарды еске алу; Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу; жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге беру. Жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, елжандылыққа, отан-сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, мейірімділікке баулу.
05/05/2023
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 тапсырысымен бүгін мектебімізде мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрағы » атты жалпыұлттық ,диктант жазу күні болды.
Шараның мақсаты: еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу,ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
04/05/2023
Текелі қалалық емханасының психиатры Нусипханов Мирас Муратханович және мектеп медбикесі Кабылбаева А.Д. 9 сынып оқушыларымен “Профилактика табакокурения среди подростков”, “Курение вейпов и их вред здоровью” тақырыбында жиналыс өткізді.
03/05/2023
№4 орта мектеп кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба бойынша «Біз оқыдық, сен де оқы» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: Гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі таңдамалы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, жастарға жаңашыл бағытта білім беру. Жас ұрпақты осы бағдарлама негізінде дүниежүзілік зияткерлік құндылықтарды білулеріне, жастардың — жаңа оқулықтармен оқу құралдарын кең көлемде пайдалануға мүмкіндік беру және бәсекеге бейімделген мамандарды даярлау.
29/04/2023
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаты ұйымдастырылды.
мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
29/04/2023
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында сурет салу ұйымдастырылды.
мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Website
Address
Кастеева 8
Tekeli