19/06/2026
18 маусым күні мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты өтті.
Құрметті түлектер!
Бүгін сіздер үшін ерекше де тарихи күн. Мектеп қабырғасындағы балалық шақ пен жастық шақтың жарқын сәттері артта қалып, үлкен өмірге қадам басып отырсыздар. Қолдарыңыздағы аттестат – білім мен еңбектің, табандылық пен ізденістің жемісі.
Алдағы өмір жолдарыңыз ашық, армандарыңыз асқақ болсын! Таңдаған мамандықтарыңыздың білікті иесі атанып, еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қосатын азамат болыңыздар. Әрқашан ата-ана үмітін ақтап, ұстаздарыңыздың мақтанышына айналыңыздар.
Мектеп әкімшілігі
ҚОББД оқу-әдістемелік орталығы
Теміртау Қаласының Полиция Басқармасы
16/06/2026
15.06.2026ж. Теміртау қ. ЕҚПБ УПИ ЖҚПБ учаскелік полиция инспекторы
Жанабил Д. түлектерге жазғы демалыс кезіндегі уақытында өз өмірлері мен денсаулықты сақтау үшін барлық өмір қауіпсіздік ережелерін сақтауға ескертті.
#Біртұтастәрбие
@адалазаматбіртұтастәрбие
@адалазамат
Акимат Темиртау
Теміртау Қаласының Полиция Басқармасы
12/06/2026
Ата-аналар мен оқушылар назарына!
ҚОББД оқу-әдістемелік орталығы
Теміртау Қаласының Полиция Басқармасы
05/06/2026
Бүгін жоспарға сәйкес «Алау» жазғы лагерінде «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Балалар заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі туралы білімдерін толықтырып, түрлі танымдық тапсырмалар орындады.
#Біртұтастәрбие
@адалазаматбіртұтастәрбие
@адалазамат
04/06/2026
04 маусым күні жоспарға сәйкес, “Алау” жазғы лагерінің қатысушыларына “Мемлекеттік рәмізім – менің мақтанышым” тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран туралы терең мағлұмат беру, олардың мәні мен маңызын түсіндіру. Жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, елінің тарихы мен мәдениетін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Ұйымдастырушы: Көркем еңбек пәні мұғалімі Л.Камбаар
#Біртұтастәрбие
@адалазаматбіртұтастәрбие
@адалазамат
04/06/2026
04 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Алау» мектеп жанындағы жазғы лагерінде танымдық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Күн балаларды қарсы алып, ҚР Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды. Таңғы жаттығу мен сергіту сәттерінен кейін тәрбиеленушілер «Мемлекеттік Рәмізім – менің мақтанышым» тақырыбындағы танымдық сағатқа қатысып, Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы білімдерін толықтырды.
Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған флешмоб өткізіліп, оқушылар өздерінің патриоттық сезімдерін білдірді. Күннің екінші жартысында тақырыптық шығармашылық іс-шара ұйымдастырылып, балалар сурет салып, өз ойларын шығармашылық жұмыстар арқылы жеткізді.
Сонымен қатар, тәрбиеленушілер қалалық қысқы баққа саяхат жасап, табиғаттың әсемдігімен танысты. Экзотикалық өсімдіктерді тамашалап, түрлі құстарды көріп, олардың тіршілігі туралы қызықты мәліметтер алды. Бұл саяхат балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып, ерекше әсер сыйлады.
#Біртұтастәрбие
@адалазаматбіртұтастәрбие
@адалазамат
04/06/2026
🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН тәрбие сағаты
⚡ 4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
Балаларымыздың патриоттық көңіл-күйі мен бірлігін көріп, жүрегіміз қуанышқа толды!
Қазақстанымыз мәңгі гүлденсін! ✨
#Біртұтастәрбие
@адалазаматбіртұтастәрбие
@адалазамат
03/06/2026
Тақырыбы:Салауатты өмір салты-бала денсаулығы!
Іс-шара мақсаты:
Оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтауға баулу, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден аулақ болу дағдыларын қалыптастыру.
#Біртұтастәрбие
@адалазаматбіртұтастәрбие
@адалазамат
02/06/2026
Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы сандар мен әріптер. Сабақтың мақсаты: өз бетімен іздене отырып, әр түрлі жаттығулар жасау арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жауапты пән мұғалімдері:
Аралбаева В.Е
Нурсейтова Г. А
#Біртұтастәрбие
@адалазаматбіртұтастәрбие
@адалазамат