27/05/2026
A bright future in journalism awaits! 🎓 We are absolutely thrilled to celebrate Amina’s remarkable university offers for Media and Journalism
She has successfully secured places at elite UK institutions that are globally celebrated for their media programmes. Among her choices are the global Top 20 powerhouse King’s College London, and the University of Leeds, which ranks an impressive 4th in the UK for this field
Amina’s options are truly outstanding. She also holds offers from Goldsmiths, renowned for its cutting-edge media research; the University of Sheffield, which boasts the prestigious Triple Gold Standard for journalism; and City St George’s, University of London, famous for launching careers at major international networks like the BBC, CNN, and Sky News
We are incredibly proud of Amina’s hard work and creative drive. We cannot wait to see her shape the future of news and media! 🌟
—
Журналистика саласын жарқын болашақ күтіп тұр! 🎓 Аминаның Media and Journalism бағыты бойынша Ұлыбританияның жетекші университеттерінен алған тамаша шақыртуларымен қуана бөлісеміз
Ол медиа бағдарламаларымен әлемге танылған элиталық оқу орындарына қабылданды. Олардың қатарында осы сала бойынша әлемдік топ-20-ға кіретін King’s College London және Ұлыбританияда 4-ші орынға ие University of Leeds бар
Аминаның таңдау мүмкіндіктері шынымен де таңқаларлық. Ол сондай-ақ заманауи медиа зерттеулерімен әйгілі Goldsmiths; журналистикадағы престижді Triple Gold Standard аккредитациясына ие University of Sheffield; және түлектері BBC, CNN сияқты ірі халықаралық телеарналарда қызмет ететін City St George’s, University of London университеттерінен шақыртулар алды
Біз Аминаның қажырлы еңбегі мен шығармашылық әлеуетін мақтан тұтамыз. Оның болашақта жаңалықтар мен медиа саласында биік белестерді бағындырғанын асыға күтеміз! 🌟
21/05/2026
We are delighted to highlight the university achievements of Aaliyah from our Class of 2026 🎓
Aaliyah has received offers to study Biomedical Science at several respected universities across the UK
Her offers include Russell Group institutions such as the University of Warwick and the University of Exeter, both recognised for their strength in health sciences and research
She has also secured offers from Lancaster University, consistently ranked among the UK’s leading institutions, and Northumbria University, known for its practice-led approach and strong programmes in health-related fields
Her university offers mark an exciting milestone and reflect the dedication she has shown throughout her studies. Congratulations to Aaliyah on this achievement and best wishes for the journey ahead! 🌍
—
Біз 2026 жылғы түлектеріміздің бірі Алияның университеттік жетістіктерімен қуана бөлісеміз 🎓
Алия Ұлыбританияның бірнеше беделді университетінен Biomedical Science мамандығы бойынша ұсыныстар алды
Олардың қатарында денсаулық сақтау ғылымдары мен зерттеу бағыттарындағы мықты бағдарламаларымен танымал Russell Group университеттері - University of Warwick және University of Exeter бар
Сондай-ақ ол Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналатын Lancaster University-ден және тәжірибеге бағытталған оқытуымен әрі денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларымен танымал Northumbria University-ден ұсыныстар алды
Бұл университеттік ұсыныстар Алия үшін маңызды белес болып табылады және оның оқу жолындағы табандылығы мен еңбегін көрсетеді. Алияны осы жетістігімен құттықтаймыз және алдағы жолына сәттілік тілейміз! 🌍
21/05/2026
Exploring future pathways at our Career Fair 🌍
Students from Year 7-12 gathered for an inspiring Career Fair designed to help them connect their academic studies, co-curricular experiences and personal interests with future opportunities
With 22 professionals representing more than 15 fields, students explored a wide range of industries - from AI and technology to medicine, law, business, creative industries and beyond
Through conversations, questions and shared experiences, students gained valuable insights into the skills, pathways and aspirations that may shape their future journeys 🎓
—
Мансап жолдарын зерттеу біздің Career Fair іс-шарамызда 🌍
7–12 Year оқушылары Career Fair іс-шарасына қатысып, түрлі мамандық бағыттарымен танысып, болашақта өздеріне көмектесетін мүмкіндіктер туралы көбірек ақпарат алды.
15-тен астам сала бойынша 22 маманның қатысуымен оқушылар жасанды интеллект пен технологиялардан бастап медицина, құқық, бизнес және креативті индустрияларға дейінгі түрлі бағыттармен танысты
Кездесулер, сұрақтар мен тәжірибе алмасу арқылы оқушылар болашақ мамандықтары мен мақсаттарын қалыптастыруға көмектесетін дағдылар мен мүмкіндіктер туралы маңызды түсініктер алды 🎓
—
Знакомство с будущими профессиями на нашем Career Fair 🌍
Ученики Year 7-12 приняли участие в Career Fair, где смогли познакомиться с различными карьерными направлениями и узнать больше о возможностях, которые могут помочь им в будущем
22 специалиста из более чем 15 сфер поделились своим опытом и рассказали о профессиях в области искусственного интеллекта и технологий, медицины, права, бизнеса, креативных индустрий и многих других направлениях
Благодаря живому общению и вопросам ученики получили ценные знания, которые помогут им лучше понять свои интересы, сильные стороны и будущие цели 🎓
20/05/2026
An inspiring start to the day in our school, as our senior students welcomed Miras Daulenov, President of Coventry University Kazakhstan, for a thoughtful discussion on leadership, adaptability, and preparing for a future shaped by AI
His message was clear: success in the age of AI will belong not simply to those who use technology, but to those who think critically, create confidently, and remain adaptable. With the AI market projected to reach $407 billion by 2027, the importance of preparing today has never been greater
This ambition is already embedded within our school community under the leadership of Headmaster John Coles, whose commitment to AI education extends beyond our walls to partner schools across the region, including public and rural institutions. Together, we are helping shape a generation of creators and future leaders
—
Мектебіміздегі күн шабыт сыйлаған кездесуден басталды: жоғары мектеп оқушылары Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дауленовпен кездесіп, көшбасшылық, өзгерістерге бейімделу және жасанды интеллект қалыптастырып жатқан болашаққа дайындық туралы мазмұнды әңгіме жүргізді
Оның ойы анық еді: жасанды интеллект дәуірінде жетістік тек технологияларды қолдана алатындарға ғана емес, сыни ойлайтын, мәселелерге шығармашылықпен қарайтын және өзгерістерге тез бейімделе алатын жандарға тиесілі болады. Болжамдарға сәйкес, 2027 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 407 миллиард долларға жетеді, сондықтан бұл болашаққа дайындықты бүгіннен бастау маңызды
Бұл ұстанымдар бүгінде біздің қауымдастық өмірінің бір бөлігіне айналып үлгерді. Бұл - мектеп директоры Джон Коулздың көшбасшылығының нәтижесі. Оның жасанды интеллект саласындағы білім беруді дамытуға деген ұмтылысы мектеп шеңберінен асып, өңірдегі серіктес білім беру ұйымдарын, соның ішінде мемлекеттік және ауыл мектептерін де қамтиды
Бірлесе отырып, біз болашақтың жасаушыларын және жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеуге үлес қосып келеміз
19/05/2026
Outstanding achievements in international STEM competitions 🌍
We are proud to share the achievements of Mansur and Ki Moon, who earned top honours across several prestigious international olympiads
🧮 Mathematics Without Borders (13th International Tournament)
🥇 Mansur - 1st Place
🥉 Ki Moon - 3rd Place
🔭 7th Copernicus Olympiad: Physics & Astronomy (Global Round, Houston, Texas)
🥈 Mansur - Silver Medal
📐 Math XCEL International Round 2026 (Los Angeles, USA)
🥇 Mansur - Gold Award
Mathematics Without Borders brings together students from around the world through international mathematical challenges. Copernicus Olympiad recognises excellence in Physics and Astronomy, while Math XCEL celebrates mathematical achievement and academic excellence
Congratulations to Mansur and Ki Moon on these impressive achievements!
—
Халықаралық STEM жарыстарындағы жоғары жетістіктер 🌍
Біз бірнеше беделді халықаралық олимпиадада үздік нәтижелерге қол жеткізген Мансур мен Ки Мунның жетістіктерімен мақтанышпен бөлісеміз
🧮 Mathematics Without Borders (13th International Tournament)
🥇 Мансур - 1-орын
🥉 Ки Мун - 3-орын
🔭 7th Copernicus Olympiad: Physics & Astronomy (Global Round, Houston, Texas)
🥈 Мансур - күміс медаль
📐 Math XCEL International Round 2026 (Los Angeles, USA)
🥇 Мансур - алтын марапат
Mathematics Without Borders әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушыларды халықаралық математикалық жарыстар арқылы біріктіреді. Copernicus Olympiad физика мен астрономия саласындағы жетістіктерді бағалайды, ал Math XCEL математикалық қабілет пен академиялық жетістікті атап өтеді
Мансур мен Ки Мунды осы тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!
18/05/2026
Character is built through challenge🏅
Our colleague, Health and Safety Engineer Pavel Shishkin, successfully completed the 100 km Tengri Ultra, one of the most challenging endurance races in Kazakhstan
Behind this achievement are 22 weeks of preparation, 135 training sessions and months of discipline and hard work
The race took place in temperatures approaching 40°C across sandy and rocky steppe terrain. Out of 98 participants, 44 were unable to complete the distance
This accomplishment is a reflection of resilience, strength of character and the ability to keep moving forward even when the challenge becomes greater
Congratulations to Pavel on this remarkable achievement and thank you for inspiring our community!
—
Тұлға кедергілерді еңсеру арқылы қалыптасады🏅
Біздің әріптесіміз, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженері Павел Шишкин Қазақстандағы ең күрделі жарыстардың бірі - Tengri Ultra ультрамарафонында 100 км қашықтықты сәтті еңсерді
Бұл нәтижеге 22 апта дайындық, 135 жаттығу және айлар бойғы тәртіп пен табанды еңбек арқылы қол жеткізілді
Жарыс шамамен 40°C ыстықта, даладағы құмды және тасты жолдармен өтті. 98 қатысушының 44-і қашықтықты толық аяқтай алмады
Бұл жетістік төзімділіктің, мінез-құлық беріктігінің және ең қиын сәттерде де алға ұмтылудың үлгісі болып табылады
Павелді осы тамаша жетістігімен құттықтаймыз және бүкіл қауымдастығымызға берген шабыт үшін алғыс білдіреміз!
—
Характер формируется через преодоление🏅
Наш коллега, инженер по охране труда и технике безопасности Павел Шишкин, успешно преодолел дистанцию 100 км на ультрамарафоне Tengri Ultra, одном из самых сложных стартов в Казахстане
За этим результатом стоят 22 недели подготовки, 135 тренировок и месяцы дисциплины и упорной работы
Забег проходил при температуре около 40°C по песчаным и каменистым участкам степи. Из 98 участников 44 не смогли завершить дистанцию
Это достижение является примером стойкости, силы характера и умения идти вперёд, даже когда становится особенно сложно
Поздравляем Павла с этим выдающимся достижением и благодарим за вдохновение для всего нашего сообщества!
18/05/2026
Our community came together for a meaningful Tree Planting Day 🌳
Students, parents, and staff worked side by side to contribute to a greener environment across our campus. Together, 80 members of the community planted 15 birch and 15 pine trees, while our younger students took part in planting indoor chlorophytum plants 🌱
The initiative highlighted the importance of collective action and environmental responsibility, demonstrating how small contributions can support biodiversity and help shape a more sustainable future
We are grateful to everyone who participated and made the day possible
Together, we continue to grow a greener future 🌍
—
Қауымдастығымыз маңызды Ағаш отырғызу күніне жиналды 🌳
Оқушылар, ата-аналар мен мектеп ұжымы кампусымызды көгалдандыру үшін бірге еңбек етті. Жалпы 80 адам бірігіп 15 қайың мен 15 қарағай отырғызды, ал кішкентай оқушыларымыз бөлме өсімдігі - хлорофитум отырғызуға қатысты 🌱
Бұл бастама бірлесіп жасаған әрекеттердің қаншалықты маңызды екенін және тіпті шағын қадамдардың өзі табиғатты қорғауға, биоәртүрлілікті сақтауға және тұрақты болашақ құруға үлес қоса алатынын көрсетті
Осы күннің сәтті өтуіне атсалысқан барша жандарға шын жүректен алғыс айтамыз
Біз бірге жасыл болашақ құрып келеміз 🌍
—
Наше сообщество объединилось в рамках значимого Дня посадки деревьев 🌳
Ученики, родители и сотрудники школы работали вместе, чтобы сделать территорию кампуса ещё более зелёной. В общей сложности 80 участников посадили 15 берёз и 15 сосен, а младшие ученики приняли участие в посадке комнатных растений - хлорофитумов 🌱
Эта инициатива подчеркнула важность совместных действий и экологической ответственности, показав, что даже небольшие шаги могут вносить вклад в сохранение биоразнообразия и формирование более устойчивого будущего
Мы благодарны каждому, кто принял участие и сделал этот день возможным
Вместе мы продолжаем создавать более зелёное будущее 🌍